«Октябрь селолық ауруханасы» КМК Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының
0
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi N 193-IV Кодексi

 

 

"Егемен Қазақстан" 2009 жылғы 29 қыркүйек, N 315-318 (25715); "Казахстанская правда" от 29.09.2009 N 230-231 (25974-25975); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2009 жыл N 20-21, 89-құжат;


 

 

МАЗМҰНЫ

РҚАО-ның ескертпесi!
Кодекстiң қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 186-баптан қараңыз.

 

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

  1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
    1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрi - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
    2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
    3) анонимдiк тексерiп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендiрмей ерiктi түрде медициналық тексерiп-қарау;
    4) апаттар медицинасы - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған медицина және денсаулық сақтау саласы, ол халықтың ауруларының алдын алуды және оларды емдеудi, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерiнiң қызметкерлерiне медициналық көмектi қамтиды;
    5) әлеуеттi қауiптi химиялық және биологиялық заттар - белгiлi бiр жағдайларда және белгiлi бiр шоғырлануы кезiнде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар;
    6) әскери медицина - ғылыми бiлiмдердiң жүйесiн (ғылыми-практикалық пәндер кешенi) және әскери-медициналық қызметтiң әскерлердi бейбiт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етудi өзiне мақсат тұтатын практикалық қызметiнiң жүйесiн бiлдiретiн медицина және денсаулық сақтау саласы;
    7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшiлерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметiнiң мамандары көрсететiн медициналық көмек;
    8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметiн медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтiң болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелердiң жиынтығы;
    9) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелер:
    орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттiк органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметiн ұйымдастыруды және үйлестiрудi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
    әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттiк органдардың тиiстi контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн өзге де бөлiмшелерi;
    10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлiк қабiлеттiлiгi мен еңбекке қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мақсатында әскерлерде, бөлiмшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру;
    11) бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
    12) бас миының бiржола семуi - бас миының бүкiл қатпарының семуiмен қатар жүретiн, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;
    13) бейiндi маман - жоғары медициналық бiлiмдi, белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкерi;
    14) биологиялық активтi заттар - жануарлар мен адам организмiнiң патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсiретiн, дәрiлiк заттар алудың ықтимал көздерi болып табылатын, әртүрлi жолмен алынатын заттар;
    15) биологиялық активтi қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйiн жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бiрдей биологиялық активтi заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерiн қамтитын өнiмдерге қоспалар;
    16) бiрегей дәрiлiк зат - жаңа активтi заттарды бiлдiретiн немесе қамтитын дәрiлiк зат;
    17) генетикалық түрлендiрiлген объектiлер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланылып алынған, өсiмдiктен және (немесе) жануардан алынатын шикiзат пен өнiмдер, оның iшiнде генетикалық түрлендiрiлген көздер, организмдер;
    18) дәрiлiк заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнiң жай-күйi мен функцияларын өзгертуге арналған фармакологиялық активтi заттарды бiлдiретiн немесе оларды қамтитын заттар: дәрiлiк субстанция, табиғаттан алынатын дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк ангро- және балк-өнiмдер, дәрiлiк препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, парафармацевтикалар;
    19) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютор - тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелерi бойынша өнiм берушiлермен өнiм беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтердi қамтамасыз етудi, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
    20) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкi тұтынушыға өткiзумен (әкетуден басқа), жойып жiберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
    21) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемiн шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткiзумен (халыққа дәрiлiк заттарды өткiзудi қоспағанда), жойып жiберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
    22) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы - қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзiрлеушiден және (немесе) өндiрушiден тұтынушының қолдануына дейiн жеткiзу процесiнде жүзеге асырылатын қызмет;
    23) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектiлер - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк ережелерге сәйкес жұмыс iстейтiн дәрiхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пунктi, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi, дәрiхана қоймасы, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкенi, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкенi, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру жөнiндегi ұйымдар;
    24) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер - фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
    25) Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасында тiркелген және медициналық қолдануға рұқсат етiлген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
    26) дәрiлiк заттың балк-өнiмi - технологиялық процестiң соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрiлiк зат;
    27) дәрiлiк заттың жарамдылық мерзiмi - уақыты бiткеннен кейiн дәрiлiк затты қолдануға болмайтын күнi;
    28) дәрiлiк заттың қаптамасы - дәрiлiк заттарды бүлiнуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесiн қамтамасыз ететiн, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешенi;
    29) дәрiлiк заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы - дәрiлiк заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың белгiленуi бойынша әсер ету қабiлетiне ықпал ететiн қасиеттерi мен сипаттамаларының жиынтығы;
    30) дәрiлiк заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрiлiк заттың Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
    31) дәрiлiк препарат - белгiлi бiр дәрiлiк нысандағы дәрiлiк зат;
    32) дәрiлiк препараттарды дайындау - дәрiханаларда дәрiлiк нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрiлiк субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрiлiк препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресiмдеумен және өткiзумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
    33) дәрiлiк формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекiткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен келiсiлген, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттардың жеткiлiктi мөлшерi болуға мiндеттi денсаулық сақтау ұйымының бейiнi ескерiле отырып түзiлген дәрiлiк заттардың тiзбесi;
    34) дәстүрлi медицина - аурулардың алдын алу мен оларды емдеудiң қоғамда жинақталған әдiстерi мен құралдарына негiзделген, медициналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерiмен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерiнiң қызметi;
    35) денсаулық - аурулар мен дене кемiстiктерiнiң болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтiк салауаттылық жағдайы;
    36) денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбiр адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсендi өмiр сүруiн қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтiк, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесi;
    37) денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы;
    38) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрi - денсаулық сақтау саласындағы сараптама) - денсаулық сақтау қызметiнiң әртүрлi аяларындағы құралдардың, әдiстердiң, технологиялардың, көрсетiлетiн қызметтердiң деңгейi мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық iс-шаралардың жиынтығы;
    39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрi - стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы қағидаларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
    40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрi - стандарттау) - стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзiрлеу, енгiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердiң, медициналық технологиялар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамаларын ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;
    41) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
    42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратынакционерлiк қоғам;
    43) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
    43-1) детоксикация – адам организмiнен алкогольдi шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;
    44) диагностика - аурудың болу немесе болмау фактiсiн белгiлеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
    45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйiн бағалау мақсатында адам организмiнен алынған сынамаларды зерттеуге арналған және олардың параметрлерi туралы мәлiметтер беруге қызмет ететiн реагенттер, реагенттердiң жиынтықтары;
    46) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйiн жүйелi түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелерi бойынша қажеттi медициналық көмек көрсету;
    47) донор - донорлық қан, оның компоненттерi, өзге де донорлық материал (оның iшiнде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргiзiлетiн, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшiн тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу жүргiзiлетiн адам, адамның мәйiтi, жануар;
    48) емдеу - ауыруды жоюға, оның бетiн қайтаруға және (немесе) барысын жеңiлдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
    49) ерiктi емделу - науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылатын емдеу;
    50) жалған дәрiлiк зат - құрамы, қасиеттерi және басқа да сипаттамалары бойынша өндiрушiнiң бiрегей немесе қайта өндiрiлген дәрiлiк затына (генерикке) сәйкес келмейтiн, құқыққа қайшы және әдейi түрде қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрiлiк зат;
    51) жеке медициналық кiтапша - жұмысқа жiберiлу туралы белгi қойылып, мiндеттi медициналық тексерiп-қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат;
    52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесiнiң АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгiлер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;
    53) инвазиялық әдiстер - адам организмнiң iшкi ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдiстерi;
    54) инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгiзiлуi экономикалық тұрғыдан тиiмдi және (немесе) әлеуметтiк мәнi бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң әдiстерi мен құралдарының жиынтығы;
    55) инфекциялық және паразиттiк аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берiлу мүмкiндiгi әсерiнен болатын және таралатын адам аурулары;
    56) йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткiлiксiз түсуiне және онда жеткiлiксiз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнiң патологиялық процесi;
    57) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
    58) клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеу - адамның денсаулығына ерекше әсер етуiн және (немесе) қауiпсiздiгiн зерделеу мақсатында сыналатын затты немесе физикалық әсердi, аурулар профилактикасының, оларды диагностикалау мен емдеудiң құралдарын, әдiстерi мен технологияларын зерделеу жөнiндегi химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттiк ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;
    59) клиникалық зерттеу - субъект ретiнде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдiстерi мен технологияларының қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн анықтау немесе растау үшiн жүргiзiлетiн зерттеу;
    60) консилиум - кемiнде үш дәрiгердiң қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
    61) контрацепция - қаламаған жүктiлiктiң алдын алу әдiстерi мен құралдары;
    62) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фармакопеясы - дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн нормалайтын мемлекеттiк стандарттар мен ережелердiң жинағы;
    63) қоғамдық денсаулық - азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда, салауатты өмiр сүруiне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерiн болғызбауға қоғамның күш-жiгер жұмсауын көрсететiн, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтiк салауаттылығының кешендi сипаттамасы;
    64) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрiгерлiк құпияның және тексерiлетiн адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негiзделген зерттеп-қарау;
    65) маман сертификаты - жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, белгiленген үлгiдегi құжат;
    66) мәжбүрлеп емдеу - сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу;
    67) медицина қызметкерлерi - кәсiптiк медициналық бiлiмi бар және медициналық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
    68) медициналық-әлеуметтiк оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмiрге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтiк және еңбек iс-шараларын кешендi пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердiң денсаулығын қалпына келтiру;
    69) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзiндiк ерекшелiгi бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердi иммунологиялық әдiстердiң көмегiмен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектiлерiнде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерiн индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдiк және профилактикалық әсерiн тигiзетiн қан (алу тәсiлiне қарамастан) препараттары;
    70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудiң дәрiлiк көмектi қамтитын кешенi;
    71) медициналық көмектiң сапасы - көрсетiлетiн медициналық көмектiң уәкiлеттi орган бекiткен және медициналық ғылым мен технологияның қазiргi заманғы даму деңгейi негiзiнде белгiленген стандарттарға сәйкестiк деңгейi;
    72) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактiсiн анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсiптiк және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;
    73) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсiптiк медициналық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсiптiк қызметi;
    74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектiлерiнiң нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар iс-қимылы;
    75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу iс-шараларын жүргiзу үшiн пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тiгу материалдары, бекiтетiн таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
    76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмiнiң бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, iшiнара немесе толық қалпына келтiруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi;
    77) медициналық оптика бұйымдары - көздiң көру қабiлетiн түзеу және жарықпен емдеу үшiн медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;
    78) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшiн медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннiң немесе жүйенiң құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;
    79) медициналық ұйым - негiзгi қызметi медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
    80) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнiмдердiң, процестердiң, көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөнiндегi қызметi, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң сақталуын бақылау;
    81) никотин - темекi жапырақтары мен темекi түтiнiнде болатын алкалоид;
    82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерiнiң (кейбiр амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәулiктiк тұтынудан аспайтын әртүрлi берiлген үйлесiмi бар биологиялық активтi қоспалар;
    83) орфандық препараттар - орфандық (сирек кездесетiн) ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған препараттар;
    84) орфандық (сирек кездесетiн) аурулар - адамның өмiрiне қауiп төндiретiн немесе мүгедектiкке әкеп соғатын, болу жиiлiгi ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетiн ауыр аурулар;
    85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсерi бар және аурулардың профилактикасына, көмекшi терапияға, ағзалар мен жүйелердiң функционалдық активтiлiгiн реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдiк мөлшерлемедегi биологиялық активтi қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;
    86) патенттелген дәрiлiк заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрiлiк заттар;
    87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудiң тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
    88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуiнiң алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тiндердiң бүлiнулерiн бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес iс-шаралар кешенi;
    89) психикаға белсендi әсер ететiн заттар - бiр рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мiнез-құлқына әсер ететiн, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелдiлiк туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;
    90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметiнiң бұзылуы;
    91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлiнген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектiң немесе әйелдiң донорлық материалы (шәует немесе аналық жасуша) енгiзiлетiн не донордан алынған тiндердi және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлiктерiн) транспланттау жасалатын пациент;
    92) санитариялық-карантиндiк бақылау - адамдар мен жүктердiң кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтуi кезiнде ел аумағына инфекциялық және паразиттiк ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуеттi қауiптi заттар мен өнiмдi кiргiзуге жол бермеу мақсатында өткiзiлетiн, жүктердiң санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiн және адам денсаулының жай-күйiн бақылау;
    93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елдi мекендегi өнеркәсiп ұйымдары мен басқа да өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн әлсiрету мақсатында бөлiп тұратын аумақ
    94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бiр аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгiлi бiр уақыттағы жай-күйi;
    95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттiк аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
    96) тамақ өнiмiн байыту (фортификациялау) - тамақ өнiмiн өндiру немесе қайта өңдеу процесiнде оған витаминдердi, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгiзу;
    97) тәуекелдi бағалау - инфекциялық және паразиттiк ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына керi әсерiне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негiзделген баға беру;
    98) тәуелсiз сарапшы - денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген жеке тұлға; 
    99) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетiлетiн медициналық қызметтер көрсетудiң Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбесi бойынша бiрыңғай медициналық көмектiң көлемi;
    100) темекi - темекi бұйымдарын өндiру үшiн пайдаланылатын никотинi бар өсiмдiк;
    101) темекi бұйымы - никотинi бар фармацевтикалық өнiмдi қоспағанда, құрамында темекi бар кез келген бұйым;
    102) темекi бұйымының ингредиентi - темекiден, судан немесе темекi жапырағынан басқа, өндiрiс процесiнде не темекiге, не темекi бұйымдарының темекi емес компоненттерiне қосылатын кез келген зат;
    103) темекi бұйымының қаптамасы - темекi бұйымының белгiлi бiр қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
    104) темекi бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi бұйымының белгiлi бiр санын қамтитын тұтыну ыдысының бiрлiгi;
    105) темекi шегушiлiк - темекi шегушi организмiнiң никотинге тәуелденуiн тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекi шекпейтiндердiң денсаулығына керi әсер ететiн және қоршаған ортаны ластайтын темекi бұйымын тұтыну процесi;
    106) транспланттау - тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) организмнiң басқа жерiне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сiңiстiру;
    107) туберкулездiң жұқпалы түрi - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөлiп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауiп төндiретiн ауру;
    107-1) уақытша бейiмдеу – адамды масаң күйiнен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейiмдеу жөнiндегi процесс;
    108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бiрмезгiлдi) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуi кезiнде туындайтын ауру (жай-күй);
    109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмiрге келтiру қабiлетiн көрсететiн денсаулығы;
    110) фармакологиялық зат - белгiленген фармакологиялық активтiлiгi мен уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектiсi және әлеуеттi дәрiлiк зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;
    111) фармацевтика қызметкерлерi - фармацевтикалық бiлiмi бар және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
    112) фармацевтикалық қызмет - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткiзу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресiмдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
    113) халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн өнiм - уәкiлеттi орган белгiлеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезiнде адамның денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн өнiм түрлерi;
    114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерi болмайтын және оның тыныс-тiршiлiгiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн кездегi халық денсаулығының жай-күйi;
    115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндiк бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелдi бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтi, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметi;
    116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесiнде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабiлетiн жоғалтатын хирургиялық операция;
    117) шарананың тiрi тууы немесе өлi тууы - жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының тiрi туу мен өлi туудың тиiстi халықаралық критерийлерi бойынша айқындалатын жай-күйi;
    118) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрi кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметтiң ерекше режимiн көздейтiн шаралар;
    119) эвтаназия - аурудың бетi берi қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлiмiн жеделдету туралы өтiнiшiн қандай да бiр iс-әрекетпен немесе құралдармен, оның iшiнде дәрiлiк немесе өзге де заттарды енгiзу арқылы, сондай-ақ оның өмiрiне дем берiп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;
    120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тiркелетiн науқастану деңгейiнен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;
    121) эпидемиологиялық мәнi бар объектiлер - өндiретiн өнiмi және (немесе) қызметi Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкiн объектiлер;
    122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.
    2. Өзге терминдердiң мазмұны осы Кодекстiң жекелеген баптарында айқындалады.
    Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30№ 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.19 N 395-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы

 

Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын iске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
    2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК
РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ

 

4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат
принциптерi

 

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) азаматтардың қауiпсiз, тиiмдi және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшiн ортақ жауапкершiлiгi;
3) ана мен баланы қорғау;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесi қызметiндегi профилактикалық бағыттың басымдығы;
6) медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi;
7) медициналық көмектiң сапасын ұдайы арттыру;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
9) медициналық көмек көрсету кезiнде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiнiң сабақтастығы;
10) медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қазiргi заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
11) отандық медицина ғылымын мемлекеттiк қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн және әлемдiк тәжiрибенi енгiзу;
12) ерiктi өтемсiз донорлықты көтермелеу;
13) отандық әзiрленiмдердi және бәсекеге қабiлеттi медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды мемлекеттiк қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы;
15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмiр сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарлылығы;
16) салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;
17) халықтың денсаулығын, дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.

 

5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеу
негiздерi

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеудi:
    1) Қазақстан Республикасының Президентi;
    2) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
    3) уәкiлеттi орган;
    4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеу:
    1) медициналық, фармацевтикалық қызметтi мемлекеттiк бақылау және мемлекеттiк санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау;
    2) медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау;
    3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
    4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;
    5) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және олардың тiркеу деректемесiне өзгерiстер енгiзу;
    6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) техникалық регламенттерде, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда және шарттар талаптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау;
    7) дәрiлiк заттардың және мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары көрсететiн медициналық қызметтердiң бағаларына мемлекеттiк реттеу жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
    Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; P050099
2) өз құзыретi шегiнде денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтердi шығарады;
3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi;
4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртiбiн айқындайды;
РҚАО-ның ескертпесi!
5) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5) медициналық және фармацевтикалық қызметтiң бiлiктiлiк талаптары мен оны лицензиялау тәртiбiн бекiтедi;
6) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
7) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң  тiзбесiн  бекiтедi;
8) азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды;
9) төтенше жағдайлар кезiндегi халыққа медициналық көмектiң тәртiбiн, түрлерi мен көлемiн айқындайды;
10) денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгiлiк нысанын бекiтедi; P091729
11) денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiтедi;
12) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен  медициналық техниканы, медициналық және фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн айқындайды;
13) әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналадағылар үшiн қауiп төндiретiн аурулардың тiзбесiн бекiтедi;
14) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебiнен шетелге емделуге жiберу қағидасын бекiтедi;
15) денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебiнен өтеу тәртiбiн айқындайды;
16) кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында инфекциялық және паразиттiк аурулардың енуiне және таралуына санитариялық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды;
17) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдану мен өткiзуге тыйым салу тәртiбiн айқындайды;
18) оларға қарсы профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу тәртiбiн, мерзiмдерiн және жоспарлы егiлуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;
19) Қазақстан Республикасының аумағында шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметтi жүргiзудiң ерекше шарттары мен режимдерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
20) туындау және таралу қатерi төнген кезде шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн инфекциялық аурулардың тiзбесiн белгiлейдi;
21) иондандырушы сәулелену әсерiне ұшыраған адамдардың қаны мен тiндерiн алу, сақтау және пайдалану тәртiбiн бекiтедi;
22) азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды;
23) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретiнде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;
24) клиникалық базалар тiзбесiн бекiтедi;
25) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртiбi мен шарттарын бекiтедi;
26) Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы жүргiзу қағидасын және Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары туралы ереженi бекiтедi;
27) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьюторды айқындайды;
27-1) Қазақстан Республикасында ядролық медицинаны дамыту тұжырымдамасын бекiтедi;
27-2) медициналық көмек көрсету тәртiбiн бекiтедi;
28) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

  1. Уәкiлеттi орган:
    1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
    2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн әзiрлеу;
    3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзiрленiмдердiң басымдықтарын айқындау;
    4)алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    5) денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және есепке алу мен есептiлiк құжаттамасының нысандарын әзiрлеу және өз құзыретi шегiнде бекiту;
    6) стандарттарды әзiрлеу және бекiту;
    7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингтi жүзеге асыру;
    8) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
    9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;
    10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткiзуiн ұйымдастыру;
    11) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесiн және құрметтi атақтар беру тәртiбiн әзiрлеу мен бекiту;
    12) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру;
    13) денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлауды ұйымдастыру;
    14) профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ оларды бақылау;
    15) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлауға арналған, сондай-ақ медицина және фармацевтика кадрларының денсаулық сақтау саласындағы бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру;
    16) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары басшыларын тағайындауды келiсу;
    17) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтiң түпкi нәтижелерiне қол жеткiзуге бағытталған меморандумдар жасасу;
    18) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, оның iшiнде медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру және ғылыми ұйымдардың қызметiне басшылық жасауды, басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындау мен босатуды жүзеге асыру;
    19) салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
    20) дәрiлiк заттардың және мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары көрсететiн медициналық қызметтердiң бағаларын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
    21) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
    22) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi қызметтердi әкiмшiлiктенген бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алу;
    23) консультациялық-кеңесшi және сарапшы комиссиялар құру;
    24) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу;
    25) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын кәсiптiк құзыреттiлiкке аттестаттауды жүргiзу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбiн айқындау;
    26) денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi жүргiзудi ұйымдастыру;
    27) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу; P091559
    28) денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзудi ұйымдастыру;
    29) медициналық және фармацевтикалық қызметтi, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерiн лицензиялау;
    30) халықаралық және шетелдiк фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердiң дәрiлiк заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасына арналған стандарттау жөнiндегi фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және басқа да нормативтiк құжаттарды тану;
    31) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, олардың тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу, мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу, Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
    32) Қазақстан Республикасының аумағына дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелудi келiсу;
    33) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтiң және халық тұрмысының ерекше шарттары болатын шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу;
    34) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуеттi қауiптi химиялық, биологиялық заттардың тiркелiмiн жүргiзу;
    35) құзыретi шегiнде өнiмдерге, тауарларға, процестерге, көрсетiлетiн қызметтерге арналған мемлекеттiк және халықаралық стандарттардың жобаларын және жобалау нормаларын келiсу;
    36) балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу;
    37) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
    38) денсаулық сақтау саласындағы бiрлескен халықаралық жобаларды iске асыру;
    39) өз құзыретi шегiнде электрондық қызметтер көрсету;
    40) азаматтардың көрсетiлетiн медициналық көмектiң деңгейi мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесiн айқындау;
    41) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;
    42) гигиеналық оқытуды ұйымдастыру, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру;
    43) халық арасында денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру;
    44) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
    45) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектiсiнiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
    46) қоғамдық бiрлестiктермен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
    47) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
    48) өз құзыретi шегiнде жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысу;
    РҚАО-ның ескертпесi!
    49) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    49) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөнiндегi лицензиялау стандарттары мен қағидаларының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
    50) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
    51) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
    52) денсаулық сақтау саласындағы сараптамалардың жүргiзiлуiн бақылау;
    53) медициналық қызметтер көрсетудi, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активтi қоспаларды, сондай-ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерiн жарнамалауды бақылау;
    54) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;
    55) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
    56) халықты профилактикалық егудiң ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
    57) жобалардың мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргiзу;
    58) аумақты немесе оның бiр бөлiгiн ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау;
    59) басқа елдердiң санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларын, егер осы iс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, баламалы деп тану;
    60) кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде санитариялық-карантиндiк пункттер құру;
    61) эпидемиялық маңызы бар объектiлердiң тiзбесiн бекiту;
    62) рентген жабдықтарының, радиоактивтiк заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың импортын келiсу;
    63) тәуекелге бағалау жүргiзуге құқығы бар барлық ұйымдар үшiн бiрыңғай әдiснаманы айқындау және тәуекелге бағалау жүргiзу тәртiбiн белгiлеу;
    64) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретiн және қызмет тәртiбiн айқындау;
    65) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фармакопеясын әзiрлеу және бекiту;
    66) денсаулық сақтау, оның iшiнде медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
    67) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында дәрiлiк заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиiмдi пайдаланылуын бақылау;
    68) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютордан сатып алынатын Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзiмiн айқындау;
    69) ведомстволық бағынысты ұйымдардың төтенше жағдайлар кезiнде халықтың ауруларының алдын алу және оларды емдеу бойынша дайындығын қамтамасыз ету;
    70) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiлiк формулярларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн бекiту;
    71) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы инспекциялауды жүргiзу қағидаларын бекiту;
    72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.
    2. Уәкiлеттi орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелерi бар
орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық
мемлекеттiк органдардың құзыретi

 

Әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелерi бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелердiң қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртiбiн бекiтедi;
4) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелердiң басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелерде медициналық көмек көрсету тәртiбiн бекiтедi;
7) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелердегi ұйымдар мен бөлiмшелердiң құрылымын, олардың қызметi туралы ережелердi, үлгiлiк штаттарды және штат нормативтерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
8) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды iске асырады;
9) уәкiлеттi органға әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелердiң аумағында шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгiзедi;
10) әскери-медициналық (медициналық) бөлiмшелерде тиiстi контингентке медициналық тексерiп-қарау жүргiзудiң тәртiбi мен кезеңдiлiгiн белгiлейдi;
11) Әскери-дәрiгерлiк комиссияның құрамын және ол туралы ереженi бекiтедi.

 

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың жергiлiктi мемлекеттiк басқару
органдарының құзыретi

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
    1) денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
    2) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерлерiн айқындайды;
    3) денсаулық сақтау мен медициналық бiлiм берудiң жергiлiктi бюджеттерiн және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiтедi;
    4) азаматтарға емделу үшiн елдi мекен шегiнен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебiнен тегiн немесе жеңiлдiкпен жол жүрудi ұсыну туралы шешiм қабылдайды;
    5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде тегiн және жеңiлдiктi шарттармен дәрiлiк заттарды, бейiмделген емдiк өнiмдердi, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешiм қабылдайды;
    6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс iстеуiне бағытталған iс-шараларды бекiтедi;
    7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешiм қабылдайды;
    8) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешiмдi оларды толық көлемiнде орындау шартымен қабылдайды;
    9) салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседi;
    10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
    2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
    1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
    2) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
    3) уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алу құқығын iске асыруын қамтамасыз етедi;
    4) қан мен оның компоненттерiнiң ерiктi өтеусiз донорлығын дамыту жөнiндегi шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
    5) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарын құрады;
    6) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастырады;
    7) денсаулық сақтау ұйымдарының желiсiн дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi, оның iшiнде дәрiханалардың мемлекеттiк желiсiн дамыту және дәрiхана қоймаларын құру жөнiндегi шараларды қабылдайды;
    8) денсаулық сақтаудың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларының қызметiн үйлестiредi;
    9) төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi;
    10) денсаулық сақтау саласындағы өңiраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
    11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
    12) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
    13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшiн қажеттi iс-шараларды жүзеге асырады;
    14) белгiленген мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, халыққа бiлiктi және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудi, оның iшiнде әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың профилактикасын және олардан емдеудi, оған қоса тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде дәрiмен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
    15) мүмкiндiгi шектеулi балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi;
    16) өз құзыретi шегiнде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
    17) уәкiлеттi органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтiң түпкi нәтижелерiне қол жеткiзуге бағытталған меморандум жасасады және оны iске асырады;
    18) туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындауға жәрдемдеседi;
    19) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
    Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 372-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк
басқарудың жергiлiктi органдарының құзыретi

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары өз өкiлеттiгi шегiнде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және өңiрлiк денсаулық сақтау бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, бiлiм және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) азаматтарды және оралмандарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi;
4) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) денсаулық сақтау бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi функциясын жүзеге асырады;
6) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатып алуды жүзеге асырады;
7) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:
амбулаториялық деңгейде - уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде - дәрiлiк формулярлар шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатып алуды жүзеге асырады;
8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлiктi, сондай-ақ мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына күрделi жөндеу жүргiзуге арналған қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастырады;
9) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
10) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
11) денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
12) жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына бередi;
13) төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
14) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
15) гигиеналық оқытуды, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
16) халықты әлеуметтiк маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралуы туралы хабардар етедi;
17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды;
18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде статистикалық әдiснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
19) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттау жүргiзедi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтiң
функциялары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтiң функциялары:
    1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
    2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеу мен орындауға қатысу;
    3) медициналық көмектiң барлық түрiн көрсету;
    4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткiзу, оларды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдарына енгiзу және трансферттеу;
    5) дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргiзуге қатысу;
    6) стандарттарды әзiрлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгiзуге қатысу;
    7) консалтингтiк, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтердi көрсету;
    8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
    9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;
    10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзiне жүктелген функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттiк органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара
iс-қимыл

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға өз құзыретi шегiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан мәртебесi мен өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi ұлттық үйлестiрушi орган құрылады. Жергiлiктi атқарушы органдар жанынан мәртебесi мен өкiлеттiгiн жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк үйлестiрушi органдар құрылады.
    3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестiрудi және олардың өзара iс-қимылын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
    4. Орталық атқарушы органдар әзiрлейтiн, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтiк құжаттар уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге жатады.
    5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
    6. Ведомстволық медициналық қызметтерi бар мемлекеттiк органдар ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлiмшелерiнiң) қызметi және бекiтiп берiлген контингенттiң денсаулық жағдайы жөнiндегi ведомстволық есептiлiктiң денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарына табыс етiлуiн қамтамасыз етедi.
    7. Мемлекеттiк органдардың ведомстволық медициналық қызметтерiнiң басшыларын тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдардың басшылары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырады.
    8. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлерiнiң басқа мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерiмен, ақпараттық-коммуникациялық желiлерiмен ақпарат алмасу мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    9. Ведомстволық медициналық қызметтерi бар мемлекеттiк органдар ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелердiң техникалық параметрлерiн, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкiлеттi органмен келiсудi қамтамасыз етедi.
    Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19№ 258-IVЗаңымен.

3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ,
АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ

 

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтi
лицензиялау

 

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялауға жатады.

 

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

  1. Көрсетiлетiн медициналық және фармацевтикалық қызметтердiң денсаулық сақтау саласындағы белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану мақсатында денсаулық сақтау субъектiлерi және дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады. P091559
    Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сарапшылық бағалау жүргiзу үшiн аккредиттелуге жатады.
    2. Аккредиттеу ерiктi сипатта болады және аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
    3. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiткен аккредиттеудiң белгiленген стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және ол мемлекеттiк тапсырысты орналастыру кезiнде ескерiледi.
    4. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзуi үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың бiлiктiлiгiн кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi.
    Тәуелсiз сарапшылар тарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    5. Аккредиттеудi уәкiлеттi орган не уәкiлеттi орган аккредиттеген ұйым жүргiзедi.
    6. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөнiндегi тиiстi комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектiлер мен тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн қалыптастырады.
    Аккредиттеу жөнiндегi комиссия туралы ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.
    Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау

  1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау - денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық бiлiмi бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрi - аттестатталатын адамдар) кәсiптiк құзыретiнiң деңгейiн айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсiмi.
    2. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық бiлiмi бар) кәсiптiк құзыреттiлiгiн аттестаттауды жүргiзедi.
    3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары (бұдан әрi - денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiн аттестаттауды жүргiзедi.
    4. Уәкiлеттi орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары аттестаттаудың объективтi және құзыреттi түрде жүзеге асырылуы мақсатында аттестаттау комиссияларын құрады.
    5. Аттестаттау кезiндегi бағалаудың негiзгi критерийi аттестатталатын адамдардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау құзыреттiлiгi болып табылады.
    6. Аттестатталатын адамдар әрбiр келесi үш жыл өткен сайын, бiрақ тиiстi лауазымға орналасқан күннен бастап бiр жылдан кейiн аттестаттаудан өтедi.

4-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАР,
ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, КӨРСЕТIЛЕТIН ҚЫЗМЕТТЕРДIҢ)


СӘЙКЕСТIГIН РАСТАУ ЖӘНЕ ЖАРНАМА

 

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

  1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлерi:
    1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;
    2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсiмдер стандарттары;
    3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру стандарттары;
    4) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы стандарттар.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң)
сәйкестiгiн растау

  1. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сәйкестiгiн растау олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiздiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Тиiстi өндiрiстiк практика жағдайларында өндiрiлген дәрiлiк субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сәйкестiгiн растауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
    3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сәйкестiгiн растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

РҚАО-ның ескертпесi!
18-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  1. Медициналық қызметтер көрсетудi, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарын (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтер), дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активтi қоспаларды жарнамалау уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлетiн рұқсат бар болған ретте жүзеге асырылады.
    2. Көрсетiлетiн қызметтердiң, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активтi қоспалардың жарнамасы дәйектi болуға, арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсiнiлiп-танылуға, басқа да көрсетiлетiн қызметтермен, дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активтi қоспалармен салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сенiмiне, оның iшiнде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттерiне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелерiне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне деген сенiмiне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиiс.
    3. Мыналарға:
    1) Қазақстан Республикасында тiркелмеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активтi қоспаларды, профилактика құралдарын жарнамалауға;
    2) дәрiгердiң рецептiсi бойынша босатылатын дәрiлiк препараттардың үлгiлерiн жарнама мақсатында таратуға;
    3) балаларға арналған дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына балаларды, олардың бейнесi мен дауысын пайдалануға;
    4) қоғамдық көлiкте, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активтi қоспалардың мақсатына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;
    5) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың плакаттар, стендтер, жарықты табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектiлерi түрiнде ұсынылған сыртқы (көзге көрiнетiн) жарнамасын орналастыруға;
    6) дәрiлiк заттар туралы және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпаратты ғылыми немесе бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ пациенттердi хабардар ету мақсатында тарату жағдайларын қоспағанда, дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкiлеттi медицина қызметкерлерiн жарнама таратушылар ретiнде пайдалануға;
    7) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензиясы және жарнамаға уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен берiлетiн рұқсаты болмаған кезде көрсетiлетiн қызметтердi, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активтi қоспаларды жарнамалауға;
    8) медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ тұлғалардың көрсететiн қызметтерiн жарнамалауға тыйым салынады.
    4. Көрсетiлетiн қызметтердiң, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активтi қоспалардың жарнамасы уәкiлеттi орган айқындаған сарапшы органның жарнама материалына алдын ала сараптамасынан кейiн уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде жүргiзiледi.
    5. Көрсетiлетiн қызметтердiң, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мамандандырылған медициналық басылымдарда, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол берiледi.
    Рецепт бойынша босатылатын, оның iшiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды қамтитын дәрiлiк заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
    6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыреттерi шегiнде жүзеге асырады.

5-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК


БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау
мен қадағалау

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
    2. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалау:
    1) медициналық қызметтер көрсету; P092296
    2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;
    3) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында жүзеге асырылады. P092296
    3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
    Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
    Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Тиiстi саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттiк инспектор немесе бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) немесе актiлерге берген арызы (шағымы) бойынша шешiмдер шығарылғанға дейiн төмен тұрған бас мемлекеттiк инспектордың немесе бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгердiң актiсiнiң орындалуын тоқтата тұруға, күшiн жоюға не оны керi қайтарып алуға құқылы.
    5. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.
    Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19№ 258-IV, 2011.01.06N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
мемлекеттiк бақылау

  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектiлерiнiң медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауын бақылауға бағытталған.
    2. Жеке және заңды тұлғалар көрсететiн медициналық қызметтер медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылау объектiлерi болып табылады. P092296
    3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
    Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
    Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
    1) Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасарлары;
    2) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар;
    3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары, олардың орынбасарлары;
    4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
    5. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен медициналық ұйымдар басшылары лауазымдарына Қазақстан Республикасының жоғары медициналық бiлiмi бар азаматтары тағайындалады.
    6. Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы тексеру нәтижесi негiзiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органының басшысына нұсқама беруге құқылы.
    7. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
    1) денсаулық сақтау субъектiлерiне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;
    2) денсаулық сақтау субъектiсiнен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
    3) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардан көшiрмелер түсiруге;
    4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелу туралы куәлiктiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;
    5) өз құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолдануға;
    6) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға бастамашылық жасауға;
    7) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;
    8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен маман сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;
    9) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкiлеттi органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiнуге;
    10) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру жөнiнде шаралар қабылдауға құқылы.
    8. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешiмдер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi және оған жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
    Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау

  1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен гигиеналық нормативтердiң сақталуын бақылауға бағытталады.
    2. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi жеке және заңды тұлғалар, жайлар, ғимараттар, өнеркәсiп орындары, өнiм, жабдық, көлiк құралдары, су, ауа, тамақ өнiмдерi және қызметi, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен iске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн өзге де объектiлер болып табылады.
    Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiлер мен өнiмдер тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
    Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
    Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттi санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары:
    1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
    2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшылары мен мамандары;
    3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органының тиiстi аумақтардағы және көлiктегi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - тиiстi аумақтардағы және көлiктегi бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары және мамандар;
    4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары болып табылады.
    5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    6. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық бейiндегi жоғары медициналық бiлiмi бар азаматтары тағайындалады.
    7. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының мыналарға:
    1) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндiруге, қолдануға және өткiзуге Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiппен тыйым салуға;
    2) адам денсаулығына зиянды әсер ететiн балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн қолдануға тыйым салуға немесе қолдануды тоқтата тұруға;
    3) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лауазымды адамдарын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыртуға;
    4) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ мiндеттi медициналық тексерiп-қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға;
    5) жекелеген объектiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi  бекiтетiн  тәртiппен шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi белгiлеуге;
    6) инфекциялық және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерi алынғанға дейiн жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жiберуге;
    7) инфекциялық және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды айғақтар бойынша ауруханаға жатқызуға жiберуге;
    8) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;
    9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектiлердi пайдалануды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға;
    10) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда шикiзаттың, өнiмнiң, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетiктердiң, процестердiң, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салуға;
    11) халықтың декреттелген тобына халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және гигиеналық нормативтердi бiлуi тұрғысынан уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестаттау жүргiзуге;
    12) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн сараптама объектiсiнiң қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерiн бағалауды зерделеуге қажеттi материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнiмнiң құнын өтеместен, сараптама жүргiзуге жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде өнiмнiң сынамасын алуға және үлгiлерiн iрiктеудi жүргiзуге;
    13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтiру туралы талап қоюға;
    14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
    15) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгiлеуге және олардың көлемдерiн өзгертуге;
    РҚАО-ның ескертпесi!
    16) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15N 461-IV(2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен санитариялық паспорт беруге;
    17) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тағамға биологиялық активтi қоспалардың енгiзiлуi мен практикада қолданылуын бақылауға;
    18) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiнуге;
    19) санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулерге берiлген лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтата тұруға;
    20) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.
    8. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көрсетiлген актiлерден бөлек, мынадай актiлер шығарады:
    1) санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актiсi - мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектiнiң Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша беретiн құжат;
    2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқама;
    3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртiптiк жаза қолдану туралы қаулысы;
    4) бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерлердiң:
    санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүргiзу;
    жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;
    халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдi әкелуге, өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу;
    адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда шикiзаттың, өнiмнiң, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетiктердiң, процестердiң, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және өткiзуге тыйым салу;
    Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру туралы қаулылары.
    Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

22-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналысы саласындағы
мемлекеттiк бақылау мен қадағалау

  1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылау мен қадағалауға бағытталған.
    2. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау объектiлерi болып табылады.
    3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
    Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
    Мемлекеттiк бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
    1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторы және оның орынбасарлары;
    2) мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары;
    3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бас мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары және олардың орынбасарлары;
    4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк фармацевтика инспекторлары болып табылады.
    5. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының жоғары фармацевтикалық бiлiмi бар азаматтары болуға тиiс.
    6. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының мыналарға:
    1) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен сараптама жүргiзу үшiн оны жүргiзуге жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгiлерiн, осы өнiмнiң құнын өтемей алуға;
    2) Қазақстан Республикасының аумағына жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн басқа да дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге, өндiруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткiзуге тыйым салуға;
    3) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
    4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға;
    5) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметке лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;
    6) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкiлеттi органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiнуге;
    7) фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектiлерге дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын орындау тұрғысынан баруға;
    8) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлерден дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы мәселелерi бойынша ақпарат, есептеме алуға құқығы бар.
    Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06N 378-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСIН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесiн қаржылық
қамтамасыз ету көздерi

  1. Денсаулық сақтау жүйесiн қаржылық қамтамасыз ету көздерi:
    1) бюджет қаражаты;
    2) ерiктi сақтандыру қаражаты;
    3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де көздер болып табылады.
    2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтерге арналған тарифтердi қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

24-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын
қаржыландыру нысандары

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру:
1) мемлекеттiк медициналық мекемелер үшiн - жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша;
2) мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшiн - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

 

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесiн қаржылық қамтамасыз ету
көздерiн пайдалану

  1. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржы қаражаттары:
    1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеуге;
    2) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды iске асыруға;
    3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;
    4) дәрiлiк заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерiн, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға;
    5) инфекциялық аурулардың көрiнiстерi мен эпидемияларын жоюға;
    6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға;
    7) медицина ғылымының жетiстiктерiн дамытуға және енгiзуге;
    8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.
    2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебiнен өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
    3. Шығындарды өтеу көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мен көлемiне уәкiлеттi орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.

7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

 

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың
объектiлерi мен субъектiлерi

  1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелерi мен электрондық қызметтер көрсетуi денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектiлерi болып табылады.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетiн мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектiлерi болып табылады.
    3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет "электрондық үкiмет" шеңберiнде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың
принциптерi

 

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:
1) басқарудың барлық деңгейлерiндегi әкiмшiлiк процестердi стандарттау мен ресмилендiру, денсаулық сақтауды басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыру;
2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңiнен пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
4) жариялы таратылуының мiндеттi сипаты белгiленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудiң уақтылығы, оның объективтiлiгi, толықтығы және дәйектiлiгi;
5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерiнiң сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) әрбiр пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттiң персоналдық ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
7) медициналық ақпараттың пациентпен iлесе жүруiн қамтамасыз ету принциптерiне негiзделедi.

 

28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз ету

  1. Денсаулық сақтаудың жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуi мен пайдаланылуы оларды жинау мақсатымен шектелетiн құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.
    2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардың (пациенттердiң) денсаулық жағдайы туралы мәлiмет беру жеке тұлғаның (пациенттiң) келiсiмiмен жүзеге асырылады.
    3. Персоналдық медициналық деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иеленушiлерi оларды жария етуден қорғау (құпиялылықты сақтау) жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi. Мұндай мiндет персоналдық медициналық деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге не дерексiздендiргенге дейiн немесе осы деректер өзiне тиесiлi адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн сақталады.
    4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.
    5. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдың қолжетiмдiлiгi жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатымен ғана шектелуге тиiс.

8-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары:
    1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы мүдделерiн қорғау;
    2) Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
    3) денсаулық сақтау саласындағы мәселелердi мемлекетаралық деңгейде шешу үшiн халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн қолдану;
    4) салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру болып табылады.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары:
    1) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
    2) денсаулық сақтау саласындағы техникалық көмектi мемлекетаралық деңгейде тарту және көрсету;
    3) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жiберу және шетелдiк азаматтарға медициналық көмек көрсету;
    4) халықаралық инновациялық технологияларды енгiзу және денсаулық сақтау жүйесiн жаңғырту;
    5) әлемдiк медицина ғылымына интеграциялану;
    6) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң ақпараттық және зияткерлiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
    7) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара iс-қимыл;
    8) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық көмек көрсету;
    9) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында ақпарат, технология алмасу және фармацевтикалық және медициналық өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестiру;
    10) шекараларды санитариялық қорғау, әкелiнетiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық
негiздерi

  1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзiн:
    1) халықаралық ұйымдарға берiлетiн мiндеттi және ерiктi жарналар;
    2) халықаралық жобалар мен iс-шараларды қаржыландыруға қатысу;
    3) гранттарды тарту мен пайдалану;
    4) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негiзi халықаралық шарттар мен келiсiмдер болып табылады.

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

 

2-БӨЛIМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТI ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

9-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТI ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

31-бап. Денсаулық сақтау жүйесiнiң құрылымы

  1. Денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
    2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдардан, мемлекеттiк меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады.
    3. Мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады.
    Мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайды.

32-бап. Денсаулық сақтау субъектiлерi

  1. Денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектiлерi болып табылады.
    2. Денсаулық сақтау жүйесiнде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары:
    1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн ұйымдар;
    2) стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар;
    3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары;
    4) апаттар медицинасы ұйымдары;
    5) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту ұйымдары;
    6) паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмiн көрсететiн ұйымдар;
    7) қан қызметi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;
    8) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;
    9) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
    10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
    11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
    12) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары;
    13) салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
    14) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
    15) ұлттық холдингтер жұмыс iстейдi.
    3. Уәкiлеттi орган:
    1) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметi туралы ережелердi;
    2) денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң медициналық және фармацевтикалық мамандықтары мен лауазымдарының номенклатурасы мен бiлiктiлiк сипаттамаларын;
    3) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгiлiк штаты мен штат нормативтерiн; P092131
    4) денсаулық сақтау ұйымдарының өзара iс-қимыл тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi.
    4. Жеке тұлғалардың осы мамандық бойынша маман сертификаты, кемiнде бес жыл жұмыс стажы және тиiстi лицензиясы болған ретте жекеше медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.

33-бап. Медициналық көмектi ұйымдастыру

  1. Медициналық көмектi ұйымдастыруды уәкiлеттi орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары, медициналық көмек көрсетудi денсаулық сақтау субъектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
    2. Денсаулық сақтау субъектiлерi:
    1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмектiң көрсетiлуiн;
    2) уәкiлеттi орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдiстерiнiң, сондай-ақ дәрiлiк заттардың қолданылуын;
    3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актiлерi жағдайларындағы жұмысқа дайындықты;
    4) айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың, сондай-ақ кәсiптiк аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн;
    5) азаматтарға медициналық көмектiң нысандары мен түрлерi туралы тегiн, жедел және дәйектi ақпарат берiлуiн;
    6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен гигиеналық нормативтердiң сақталуын;
    7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара iс-қимылды және өз қызметiндегi сабақтастықты;
    8) салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын;
    9) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар, түрлер, көлем, тәртiп пен мерзiмдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргiзiлуiн, есептердiң табыс етiлуiн;
    10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауiп төндiретiн психикалық және мiнез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - уәкiлеттi органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қатерi және (немесе) пайда болуы туралы - төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсiктер бойынша келiп көрiнген адамдар туралы мәлiметтердi, айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың жағдайлары туралы iшкi iстер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
    Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19№ 258-IV, 2010.04.08№ 266-IV Заңдарымен.

34-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемi

  1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебiнен ұсынылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиiмдiлiгi бар профилактикалық, диагностикалық және емдiк медициналық қызметтер көрсетудi қамтиды. P091887
    2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне:
    1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
    2) мыналарды:
    алғашқы медициналық-санитариялық көмектi;
    алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейiндi мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмектi қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
    3) уәкiлеттi орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шектi көлемi) шеңберiнде - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан берiлетiн стационарлық медициналық көмек;
    4) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
    5) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту;
    6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген халық санаттары үшiн паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi кiредi.
    3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету:
    1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезiнде - медициналық ұйымдар бекiткен және белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiлген дәрiлiк формулярларға сәйкес;
    2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезiнде - белгiлi бiр аурулары (жай-күйi) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган бекiтетiн дәрiлiк заттар мен бейiмделген емдiк өнiмдер тiзбесiне сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
    5. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi шарттарды жасасуда артықшылықты құқыққа денсаулық сақтаудың аккредиттелген ұйымдары ие болады.

35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негiздерi мен
тәртiбi

  1. Ақылы медициналық қызметтердi мемлекеттiк және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейiнi және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетедi.
    2. Ақылы медициналық қызметтер:
    1) пациенттердiң бастамасы бойынша, оның iшiнде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық және емдiк қызметтер көрсету;
    2) дәрiлiк формулярға енгiзiлмеген дәрiлiк заттармен емдеу;
    3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң  тiзбесiне  кiрмейтiн медициналық зерттеулер жүргiзу;
    4) тиiстi жолдамасыз санаториялық емдеу;
    5) медициналық айғақтарсыз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргiзу;
    6) азаматтарды жұмысқа кiру және оқуға түсу үшiн медициналық зерттеп-қарау;
    7) ұйыммен шарт бойынша, оның iшiнде ерiктi сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
    8) қосымша сервистiк қызметтер ұсыну;
    9) осы Кодекстiң 87-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезiнде ұсынылады.
    3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетiлетiн қызметтердi ұсынатын денсаулық сақтау субъектiсiнiң арасында жасалатын шарт негiзiнде көрсетiледi.
    Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негiзгi талаптарды:
    1) медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн;
    2) медициналық көмек көрсету мерзiмдерiн;
    3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтердi және оларды төлеу тәртiбiн;
    4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
    5) шартқа өзгерiстер, толықтырулар енгiзу және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн;
    6) тараптардың шарт мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi белгiлеуiн қамтуға тиiс.
    4. Ақылы қызметтер көрсетудiң түрлерi мен олардың баға прейскуранты мемлекеттiк, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекi ақпарат арқылы халықтың назарына жеткiзiледi.
    5. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудiң бағасы медициналық, сервистiк қызметтердi көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерiн және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бiр реттен аспайтын жиiлiкпен қайта қаралуы мүмкiн.
    Ақылы қызметтер көрсетудiң бағасы тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi үшiн бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi белгiлейтiн осыған ұқсас медициналық қызмет тарифiнен төмендетiлмей белгiленедi.
    6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп құжаттамасын жүргiзу уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
    7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтiнiш жасаған кезден бастап оларға ақылы медициналық қызметтердiң уақтылы және сапалы көрсетiлуi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
    8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

3-БӨЛIМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

 

10-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТIҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮРЛЕРI

 

36-бап. Медициналық қызметтiң мазмұны

 

Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсiптiк медициналық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсiптiк қызметiн қамтиды.

 

37-бап. Медициналық қызметтiң түрлерi

Қазақстан Республикасында медициналық қызметтiң мынадай түрлерi:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологиялық-анатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерiн дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметi мен ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерi жүзеге асырылады.

 

11-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

 

38-бап. Медициналық көмектiң түрлерi

 

Медициналық көмектiң негiзгi түрлерi:
1) дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек;
2) бiлiктi медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
5) медициналық-әлеуметтiк көмек болып табылады.

 

39-бап. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек

  1. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек - аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдiстерiн дәрiгердiң қатысуымен пайдалануды талап етпейтiн аурулар кезiнде орта медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн медициналық көмек.
    2. Шұғыл жағдайларда дәрiгерге дейiнгi медициналық көмектi медициналық бiлiмi жоқ, уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тиiстi даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушiлердiң өмiрiн құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуi мүмкiн.
    3. Дәрiгерге дейiнгi медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

40-бап. Бiлiктi медициналық көмек

  1. Бiлiктi медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдiстерiн талап етпейтiн аурулар кезiнде жоғары медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi көрсететiн медициналық көмек.
    2. Бiлiктi медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

  1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдiстерiн талап ететiн аурулар кезiнде бейiндi мамандар көрсететiн медициналық көмек.
    2. Мамандандырылған медициналық көмектi денсаулық сақтаудың көпбейiндi ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетедi.
    3. Мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн уәкiлеттi орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары белгiлейдi.

42-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

  1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде уәкiлеттi орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейiндi мамандар көрсететiн медициналық көмек.
    2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
    3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 42-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

43-бап. Медициналық-әлеуметтiк көмек

  1. Медициналық-әлеуметтiк көмек - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейiндi мамандар көрсететiн медициналық көмек.
    2. Әлеуметтiк мәнi бар аурулардан зардап шегетiн азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

44-бап. Медициналық көмектi ұсыну нысандары

Медициналық көмек:
1) амбулаториялық-емханалық көмек:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация;
6) төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмек;
7) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту;
8) паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi;
9) дәстүрлi медицина, халық медицинасы (емшiлiк) нысандарында ұсынылуы мүмкiн.

 

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

  1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейiнде көрсетiлетiн, қолжетiмдi медициналық қызметтер көрсету кешенiн:
    1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейiнге қалдыруға болмайтын жай-күйлердi диагностикалау мен емдеудi;
    2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды;
    3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкенi және баланы қорғауды;
    4) халықты қауiпсiз сумен жабдықтау және оның кенеулi тамақтануы жөнiндегi түсiндiру жұмыстарын қамтитын, тәулiк бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрiгерге дейiнгi немесе бiлiктi медициналық көмек.
    2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектi учаскелiк терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрiгерлерi, фельдшерлер, акушерлер және мейiрбикелер көрсетедi.
    3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн ұйымдардың қызметi азаматтарға медициналық ұйымды еркiн таңдау құқығы ескерiле отырып, тұрғылықты және (немесе) бекiтiлген жерi бойынша медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша құрылады.
    4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету түрлерiн, көлемiн, тәртiбiн, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектi ұйымдастыруды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
    Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

  1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулiк бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
    2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 46-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

47-бап. Стационарлық көмек

  1. Стационарлық көмек - тәулiк бойы медициналық бақылау жасалатын, бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
    2. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиiстi күтiм жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етедi.
    3. Стационарлық көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

  1. Стационарды алмастыратын көмек - бiр күннiң iшiнде ұзақтығы төрт сағаттан сегiз сағатқа дейiн медициналық бақылау жасалатын, дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
    2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 48-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

49-бап. Жедел медициналық көмек

  1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа келетiн елеулi зиянның алдын алу немесе өмiрге төнген қатердi жою үшiн шұғыл медициналық көмектi талап ететiн аурулар мен жай-күй туындаған кездегi медициналық көмек ұсыну нысаны.
    2. Жедел медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгiлеген тәртiппен жедел медициналық көмектiң мамандандырылған ұйымдары мен қызметтерi құрылады.
    3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 49-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

50-бап. Санитариялық авиация

  1. Санитариялық авиация - пациенттiң тұрған жерiндегi медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлi көлiк түрлерiмен бiлiктi мамандарды межелi жерге жеткiзу не науқасты тиiстi медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
    2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

51-бап. Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмек

  1. Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмек - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде апаттар медицинасы қызметiнiң медициналық көмек ұсыну нысаны.
    2. Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек ұсыну тәртiбiн, оның түрлерi мен көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

52-бап. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту

  1. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту туа бiткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетiн азаматтарға көрсетiледi.
    2. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргiзiледi.
    3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар берiледi.
    4. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту, оның iшiнде балаларды медициналық оңалту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

53-бап. Паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi

  1. Паллиативтiк көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегi стационар нысанында дәрiгердiң басшылығымен көрсетiледi.
    2. Мейiрбике күтiмi дәрiгер бақылауы талап етiлмейтiн жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейiрбике күтiмi ауруханаларында) немесе үйдегi стационар нысанында жүзеге асырылады.
    3. Паллиативтiк көмектi және мейiрбике күтiмiн көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

54-бап. Дәстүрлi медицина, халық медицинасы (емшiлiк)

  1. Дәстүрлi медицина әдiстерiне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.
    2. Медициналық бiлiмi бар, тиiстi лицензия алған адамдардың дәстүрлi медицина саласындағы қызметке құқығы бар.
    3. Халық медицинасы (емшiлiк) - халық жинақтаған емшiлiк құралдар туралы, сондай-ақ емдеу және гигиена тәсiлдерi мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу мен оларды емдеу үшiн практикада қолдану туралы эмпирикалық мәлiметтердiң жиынтығы.
    4. Жеке тұлғалардың халық медицинасы (емшiлiк) әдiстерiн пайдалануы уәкiлеттi орган аккредиттеген денсаулық сақтау ұйымдары беретiн сертификат негiзiнде жүзеге асырылады. Осы сертификатты алған жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының емшiлер тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады. Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшiлерi тiзiлiмiнiң нысанын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
    5. Жаппай емшiлiк сеанстарын, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткiзуге тыйым салынады.

55-бап. Зертханалық диагностика

  1. Зертханалық диагностика - ауырудың (жай-күйдiң) болу немесе болмау фактiсiн пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенi.
    2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ереженi, сондай-ақ олар жүргiзетiн зерттеулердiң  көлемi мен түрлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика

  1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау барысында мәйiттiң тiндерi мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық операция және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттерiндегi) және тiндерiндегi өзгерiстердiң жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргiзiледi және ол тiкелей тексерiп-қараудың (макроскопиялық зерттеулердiң), үлкейткiш аспаптарды (микроскопиялық зерттеулер), өзге де технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердiң нәтижелерiне, сондай-ақ клиникалық-анатомиялық салыстыруларға негiзделедi.
    2. Патологиялық-анатомиялық ашып қарау өлiмнiң себептерiн белгiлеу және ауырудың диагнозын нақтылау мақсатында жүргiзiледi.
    Ана және сәби өлiмi, сондай-ақ аса қауiптi инфекциялардан қайтыс болу жағдайларын қоспағанда, өлiмнiң күш қолданудан болғанына күдiк болмаған және жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiшi не осы адамның тiрi кезiнде берген жазбаша ырық бiлдiруi болған кезде, мәйiттi патологиялық-анатомиялық ашып қарау жүргiзiлместен, өлiмнiң болу фактiсiн куәландыратын уәкiлеттi орган бекiткен нысандағы құжатты бере отырып, беруге рұқсат етiледi.
    Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкiлiнiң талап етуi бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсiз сарапшы (сарапшылар) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзуi мүмкiн.
    3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ереженi, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

12-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПТАМА ТҮРЛЕРI

 

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

  1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
    2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлерi:
    1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;
    2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;
    3) әскери-дәрiгерлiк сараптама;
    4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;
    5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
    6) дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама;
    7) ғылыми-медициналық сараптама жүзеге асырылады.
    3. Мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу кезiнде дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүргiзудi жеке және заңды тұлғалар тиiстi лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы тиiстi куәлiк негiзiнде жүзеге асырады.

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

  1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейi жөнiнде қорытынды жасау үшiн медициналық қызметтер көрсетудiң тиiмдiлiк, толымдылық және стандарттарға сәйкестiк көрсеткiштерiн бейнелейтiн индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық iс-шаралар жиынтығы.
    2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама iшкi және сыртқы сараптама болып бөлiнедi.
    3. Iшкi сараптама жүргiзу үшiн әрбiр медициналық ұйымда iшкi бақылау (аудит) қызметi құрылады. Осы қызметтiң құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетiлетiн медициналық қызметтер көлемiне қарай бекiтедi.
    Iшкi бақылау (аудит) қызметi медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруына, клиникалық қызметiне, медициналық көмек көрсету тәртiбiн және стандарттарды бұзу фактiлерiнiң анықталуына, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттер жолданымдарының бес күннен аспайтын мерзiмде қаралуына ағымдағы талдау жүргiзедi.
    Iшкi бақылау (аудит) қызметi жүргiзiлген аудит нәтижелерi бойынша көрсетiлетiн медициналық қызметтер сапасының төмендеуiнiң анықталған себептерi мен жағдайларын жою жөнiнде медициналық ұйым басшысына ұсыныстар енгiзедi.
    4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкiлеттi орган және (немесе) тәуелсiз сарапшылар жүргiзедi.
    5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына iшкi және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

  1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тану және оны ауыру кезеңiнде еңбек мiндеттерiн орындаудан уақытша босату мақсатында жүргiзiледi.
    2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргiзудiң, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама

  1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарындағы, әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi - әскери қызмет немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауыруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi - мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
    2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:
    1) мыналарды:
    шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;
    әскери қызметке немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;
    әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;
    әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;
    радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiстер көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы күштер қызметшiлерiн);
    мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;
    әскери жиындарға немесе әскери қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
    2) ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
    3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтi өткерген әскери қызметшiлердiң немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауыруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;
    4) азаматтар әскери қызметтен немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;
    5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметтi өткеру кезеңiнде алынған мертiгу, ауру салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.
    3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
    4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкес келуiне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.

61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптамалар

  1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды тағайындау мен жүргiзудiң процесстiк тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде, Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген.
    2. Көрсетiлген сот сараптамасы түрлерiн ұйымдастырудың және сот-сараптама зерттеулерiн жүргiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi туралы заңнамасында белгiленген.

62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерiнiң және басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешенi, сондай-ақ жобалардың, өнiмдердiң, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен кәсiпкерлiк және (немесе) өзге қызмет объектiлерiнiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн бағалау мақсатында жобаларды сараптау.
    2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары және жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде жүргiзедi.
    3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлiгiнде - мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.
    4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнiмдерiнiң энергетикалық және биологиялық құндылығына зерттеулер, шуылды, дiрiлдi, электр-магниттiк өрiстердi және физикалық факторларды өлшеудi жүргiзуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргiзуге байланысты бөлiгi болып табылады.
    5. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн олар қаржыландыруды қамтамасыз етедi және қажеттi құжаттаманы табыс етедi.
    6. Жарамсыз тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзаты болған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзiлмейдi.
    7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшiн әлеуеттi қауiптi деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуеттi қауiптi химиялық, биологиялық заттар тiркелiмi мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.
    8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:
    1) атом энергетикасы мен өнеркәсiбi, ғарыш қызметi және жер қойнауын пайдалану объектiлерiн, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектiлердi, экологиялық зiлзала аймақтарындағы объектiлердi және баламасы жоқ, жаңа технологиялық процесстерi бар объектiлердi орналастыруға, реконструкциялауға және кеңейтуге;
    2) өндiрiстiк күштердi орналастыруға, қалалар мен ауылдық елдi мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларына, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердiң техникалық-экономикалық негiздемелерiне, құрылысы мен реконструкциялау жобаларына;
    3) болжамды құрылыстың немесе функционалдық бейiнiн (мақсатын) ауыстыра отырып, реконструкциялануға жататын объектiнiң учаскесiндегi санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарға;
    4) қоршаған ортаға ластаушы заттардың және физикалық факторлардың жол беруге болатын шектi шығарындылары мен жол беруге болатын шектi төгiндiлерi, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтiк құжаттамаға;
    5) шикiзатқа, тамақ өнiмдерiне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетiктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына арналған нормативтiк құжаттардың жобаларына, сондай-ақ халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу, медициналық қызмет көрсетiлу режимдерiне;
    6) шикiзатты, тамақ өнiмдерiн, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткiзу, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету жағдайларына;
    7) халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, олардың тәни даму, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықталу және медициналық қызмет көрсетiлу жағдайларына;
    8) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдарға, инфекциялық және паразиттiк, кәсiптiк аурулар туралы және уланулар туралы мәлiметтерге;
    9) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөнiндегi материалдарға;
    10) жаңа өнiмге, технологияға, жабдыққа;
    11) жобаланып жатқан, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлерге, өнеркәсiп бұйымдары мен көлiкке, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi және (немесе) маңызы бар басқа да объектiлерге;
    12) сәйкестiгi мiндеттi расталуға жатпайтын тамақ өнiмдерiне, тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарға;
    13) бiлiм беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесi мен оқу режимiне;
    14) балаларға арналған тауарларға, тағамдық қоспаларға;
    15) елдi мекендер құрылысын жоспарлаудың, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастырудың, салу мен реконструкциялаудың, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың, санитариялық-қорғаныш аймақтарының, су пайдалану мен сарқынды суларды бұру, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көму жағдайларының жобаларына, шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процесстерiнiң, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерiнiң, химиялық заттар мен өнiмдердiң, биологиялық, дәрiлiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын ыдыстардың, буып-түйетiн және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен нормативтiк құжаттардың жобаларына;
    16) елдi мекендердегi шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтiң объектiлерiне, олардың санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдерiне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бередi.
    9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негiзiнде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат) - жобалау құжаттамасының, мекендеу ортасы факторларының, кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызметтiң, өнiмнiң, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) куәландыратын құжат берiледi.
    РҚАО-ның ескертпесi!
    10-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15N 461-IV(2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    10. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде санитариялық паспорт бередi.
    Санитариялық паспорт - Мемлекеттiк санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiнiң, көлiк құралының гигиеналық нормативтер мен халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды iске қосуға немесе пайдалануға құқық беретiн құжат.
    Санитариялық паспортты беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

63-бап. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техникаға сараптама

  1. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама - дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргiзу, олардың биоэквиваленттiгiн айқындау, сондай-ақ уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тiркеуге табыс етiлген тiркеу деректерiнiң құжаттарын, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды зерделеу арқылы олардың қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi мен сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау.
    2. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын бағалауды дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк сараптама ұйымы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

  1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектiлерi:
    1) iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;
    2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;
    3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелерi;
    4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстар;
    5) денсаулық сақтау практикасына енгiзу жоспарланатын ғылыми-медициналық әзiрлемелер болып табылады.
    2. Ғылыми-медициналық сараптаманы жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

4-БӨЛIМ. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ДӘРIЛIК ЗАТТАРДЫҢ,
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ БҰЙЫМДАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ
АЙНАЛЫСЫ

 

13-тарау. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

 

65-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналысы саласының
жүйесi

 

Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының бiрыңғай жүйесiне:
1) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган;
2) дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк сараптама ұйымы және оның аумақтық бөлiмшелерi кiредi.

 

66-бап. Фармацевтикалық қызметтiң түрлерi

  1. Фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсiптiк фармацевтикалық бiлiм алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсiптiк қызметiн қамтиды.
    2. Фармацевтикалық қызмет мынадай түрлердi:
    1) дәрiлiк заттарды өндiрудi;
    2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiрудi;
    3) медициналық техниканы өндiрудi;
    4) дәрiлiк препараттарды дайындауды;
    5) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды;
    6) дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзудi;
    7) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзудi;
    8) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзудi;
    9) дәрiлiк заттарды бөлшек саудада өткiзудi;
    10) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзудi;
    11) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзудi қамтиды.

67-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы өндiру

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру - дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы топтап шығару үшiн қажеттi, шикiзат, материалдар мен жартылай фабрикаттар сатып алуға, технологиялық процеске, оның iшiнде осы процесс сатыларының бiрiн жүзеге асыруға, өндiрiлген өнiмдi сақтауға, өткiзуге, сондай-ақ оларға қоса жүретiн бақылаудың барлық түрлерiне байланысты барлық жұмыстардың жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет.
    2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiрудi дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру құқығына лицензия алған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер өндiру қағидаларына және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
    3. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру және олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргiзу және сақталу мерзiмi мен қайта бақылау мерзiмiн белгiлеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
    4. Мыналарға:
    1) мемлекеттiк тiркелуi кезiнде, жабдықтар мен технологиялық процестердi ретке келтiру және iске қосу кезiнде сараптама жүргiзуге арналған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ Тиiстi өндiрiстiк практика жағдайында өндiрiлген дәрiлiк субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген;
    2) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру құқығына лицензиясы жоқ
    3) Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру мен олардың сапасын бақылау қағидалары бұзылған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiруге тыйым салынады.
    5. Өндiрiлген және әкелiнетiн дәрiлiк заттар:
    1) құрамында тiзбесiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салған бояғыштар мен қосалқы заттар болмауға тиiс;
    2) уәкiлеттi орган бекiткен Дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжатты жасау, келiсу және оның сараптамасы қағидаларына сәйкес әзiрленген, дәрiлiк заттардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжатқа сәйкес бақылауға жатқызылуға тиiс.
    6. Патенттелген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру мен өткiзу Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    7. Диагностика немесе емдеу жүргiзуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, олардың функционалдық мақсатына сәйкес пайдаланылуын көздеуге және диагностиканың немесе емдеудiң алынған нәтижелерiн түсiндiру кезiнде пайдаланушының қателесу тәуекелiн болғызбауға тиiс.
    Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

68-бап. Дәрiлiк препараттарды және медициналық мақсаттағы
бұйымдарды дайындау

 

Дәрiлiк препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дәрiлiк препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиiстi лицензиясы бар, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Дайындалған дәрiлiк препараттар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен дәрiханаiшiлiк бақылануға жатады.
Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

69-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек
саудада өткiзу

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзудi дәрiхана қоймаларында, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қоймаларында көтерме саудада өткiзуге тиiстi лицензия алған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.
    2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзудi дәрiханаларда, дәрiхана пункттерiнде, жылжымалы дәрiхана пункттерiнде, оптика дүкендерiнде, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника дүкендерiнде бөлшек саудада өткiзуге тиiстi лицензия алған дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер жүзеге асырады.
    3. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
    4. Мыналарға:
    1) Тиiстi өндiрiстiк практика жағдайында өндiрiлген дәрiлiк субстанцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген;
    2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiк сертификатымен расталмаған;
    3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн;
    4) жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен;
    5) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық ұйымдардағы медицина қызметкерлерi өткiзетiн;
    6) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзуге тыйым салынады.
    5. Дәрiгердiң рецептi бойынша босатуға арналған дәрiлiк заттарды рецептiсiз өткiзуге тыйым салынады.
    Дәрiлiк заттарды рецептiмен немесе рецептiсiз өткiзуге жатқызу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    6. Аудан орталығынан шалғайдағы, дәрiханалар жоқ елдi мекендерде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жеке және заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерi және жылжымалы дәрiхана пункттерi арқылы жүзеге асыра алады.
    Бұл ретте, фармацевтикалық бiлiмi бар мамандар болмаған жағдайда, дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сапасының, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiнiң сақталуын уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған медициналық бiлiмi бар мамандар қамтамасыз етедi.
    7. Тiркеу куәлiгiнiң мерзiмi өткенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген және онда өндiрiлген дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағында шектеусiз қолданылады, айналысқа түседi және пайдаланылады.
    Ескерту. 69-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

14-тарау. ДӘРIЛIК ЗАТТАРДЫҢ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ
БҰЙЫМДАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ АЙНАЛЫСЫ

 

70-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы әзiрлеу

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзiрлеудiң мақсаты қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жасау болып табылады.
    2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзiрлеушiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк саласындағы заңнамасымен қорғалады.
    3. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзiрлеушi мемлекеттiк стандарттардың талаптарын сақтауға тиiс.
    4. Бiрегей дәрiлiк заттың атауын бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

71-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу,
қайта тiркеу және олардың тiркеу деректерiне
өзгерiстер енгiзу

  1. Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылатын, дәрiлiк заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың фармацевтика нарығында болуының құқыққа сыйымдылығын айқындау, олардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгi мен сапасын бағалау және дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы белгiлi бiр мерзiмге Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу рәсiмi.
    2. Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк қайта тiркеу - мемлекеттiк тiркеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлi бiр мерзiмге ұзарту, ол уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылып, бұрынғы тiркеу нөмiрi бойынша жаңа тiркеу куәлiгiн берумен, сондай-ақ Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзумен сабақтастыра жүргiзiледi.
    3. Тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу - тiркеу куәлiгiнiң қолданылуы бойында өтiнiш берушi тiркеу деректерiне енгiзетiн, дәрiлiк заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың қауiпсiздiгiне, тиiмдiлiгi мен сапасына әсер етпейтiн және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен сараптама жасалуға жататын өзгерiстер.
    4. Қазақстан Республикасында өндiрiлген, сондай-ақ оның аумағына әкелiнетiн дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, оған қоса:
    1) сауда атауы бар, дәрiлiк нысаны, мөлшерлемесi, орамы көрсетiлген дәрiлiк препараттар;
    2) Қазақстан Республикасына әкелiнетiн дәрiлiк заттардың балк-өнiмдерi;
    3) бұрын Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлiк заттардың дәрiлiк нысаны, мөлшерлемесi, орамы көрсетiлген жаңа құрамалары;
    4) бұрын Қазақстан Республикасында тiркелген, бiрақ басқа өндiрушi ұйымдар басқа дәрiлiк нысандарда жаңа мөлшерлемемен, жаңа ораммен, жаңа қаптамамен, көмекшi заттардың басқа құрамымен, басқа атаумен өндiрген дәрiлiк заттар;
    5) медициналық мақсатта қолданудың ықтимал тәуекел дәрежесiне қарай сыныпталуы ескерiлген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;
    6) медициналық иммундық-биологиялық препараттарға жатпайтын диагностикалық реагенттердi қоспағанда, адам организмiнен тыс диагностикаға арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар, сондай-ақ көзге салынатын және көру қабiлетiн түзейтiн линзалар мемлекеттiк тiркелуге және қайта тiркелуге жатады.
    5. Дәрiлiк заттың саудадағы атауы - дәрiлiк зат тiркелетiн атау.
    6. Биосимиляр - сапасы, қауiпсiздiгi және тиiмдiлiгi бойынша бұрын тiркелген эталондық инновациялық биологиялық дәрiлiк затқа ұқсас деп мәлiмделген және соған ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар түрлендiрiлген биологиялық дәрiлiк зат.
    7. Биологиялық жолмен алынған дәрiлiк препараттар - құрамында биологиялық ақуыздар бар препараттар (гормондар, цитокиндер; қанның ұюының факторлары, оның iшiнде төмен молекулярлы гепариндер; инсулиндер, моноклональдi қарсы денелер, ферменттер, колоние ынталандырушы факторлар, тiндердiң жасушаларының базасында жасалған, гендiк-инженерлiк және гибридомдық технологиялар көмегiмен алынған препараттар), сондай-ақ биосимилярлар.
    8. Өндiрушi елде тiркелген дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жатады.
    9. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уәкiлеттi органның шешiмi бойынша мемлекеттiк тiркеудiң, қайта тiркеудiң жеделдетiлген рәсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеудiң, қайта тiркеудiң жеделдетiлген рәсiмiнiң тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    10. Мемлекеттiк тiркелген мерзiмi өткеннен кейiн дәрiлiк зат, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында қайта тiркелуге жатады. V075112
    11. Мемлекеттiк тiркеудiң, қайта тiркеудiң, тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзудiң мiндеттi шарты дәрiлiк затқа, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға сараптама жүргiзу болып табылады.
    Сараптаманы уәкiлеттi орган айқындайтын, дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзiрлеуге және өндiруге тiкелей қатыспайтын мемлекеттiк сарапшы ұйым уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес жүргiзедi.
    Өндiрiс жағдайларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесiн бағалау уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiш берушiнiң қаражаты есебiнен өндiрушi кәсiпорынға бару арқылы жүзеге асырылады.
    Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу кезiнде оларға сараптама жүргiзуге байланысты шығыстарды өтiнiш берушiлер көтередi.
    12. Дәрiханаларда дайындалған дәрiлiк препараттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерiнде дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдар, оптика дүкендерiнде дайындалған медициналық оптика бұйымдары, сондай-ақ Тиiстi өндiрiстiк практика жағдайларында өндiрiлген дәрiлiк субстанциялар мемлекеттiк тiркелуге жатпайды.
    13. Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және (немесе) оларға жұмсалатын материалдарды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу, олардың тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiштi мәлiмделген өнiмдi ұсынудың барлық сатысында оның сапасы үшiн жауап беретiн, дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы әзiрлеушi немесе өндiрушi немесе олардың өкiлдерi жазбаша нысанда бередi.
    Өтiнiшке тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын құжаттарды қамтитын тiркеу деректерi қоса тiркеледi.
    Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және олардың тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу кезiнде өтiнiш берушi табыс еткен, келiсiлуге немесе бекiтiлуге жататын құжаттарды есепке алу мен жүйелеу уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
    14. Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және олардың тiркеу куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.
    15. Дәрiлiк затқа, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама кезiнде олардың мәлiмделген сапа, қауiпсiздiк пен тиiмдiлiк көрсеткiштерiне сәйкес келмейтiнi анықталған жағдайда, өтiнiш берушiге оларды мемлекеттiк тiркеуден, қайта тiркеуден және тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзуден уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен бас тартылады.
    16. Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген үлгiде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiледi.
    17. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу туралы шешiм уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен керi қайтарып алынуы мүмкiн.
    18. Тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде өндiрушi зауыт Қазақстан Республикасының нарығында бар, тiркелген дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы үшiн жауапты болады, олар мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге табыс етiлген үлгiлерге, тiркеу деректерiнде көрсетiлген сипаттамаларға сәйкес келуге және тұтынушы үшiн ақпараты бар уәкiлеттi орган бекiткен құжаттарымен қоса жүруге тиiс.

72-бап. Биологиялық активтi заттарды клиникаға дейiнгi
(клиникалық емес) зерттеу

  1. Биологиялық активтi заттарды клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеулердiң мақсаты биологиялық активтi заттардың фармакологиялық активтiлiгi мен қауiпсiздiгiнiң бағасы мен дәлелдерiн ғылыми әдiстермен алу болып табылады.
    2. Биологиялық активтi заттардың клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеулерiн жүргiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
    3. Клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеу уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

73-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы техникалық жағынан сынау

  1. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынаудың мақсаты медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының мемлекеттiк стандарттарға сәйкестiгiн анықтау болып табылады.
    2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға техникалық жағынан сынау жүргiзу туралы шешiмдi техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды.

74-бап. Фармакологиялық және дәрiлiк заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
клиникалық зерттеу және (немесе) сынау

  1. Фармакологиялық және дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау зерттелетiн дәрiлiк препараттың клиникалық, фармакологиялық және (немесе) фармакологиялық-динамикалық әсерiн анықтау немесе растау және (немесе) жанама әсерлерiн анықтау үшiн субъект ретiнде адамды қатыстыра отырып және (немесе) олардың қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн белгiлеу үшiн сiңiрiлуiн, таралуын, биотрансформациясын және шығарылуын зерделеу мақсатында жүргiзiледi.
    2. Фармакологиялық және дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

75-бап. Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы таңбалау

  1. Дәрiлiк заттар тұтынушылық (бастапқы және қайталама) қаптамасына мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жақсы оқылатын қарiппен басылған және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiптiң талаптарына жауап беретiн таңбасымен айналысқа түсуге тиiс.
    2. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тiкелей медициналық мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сай басылған таңбасымен айналысқа түседi.
    3. Қымбат тұратын, сирек қолданылатын, орфандық препараттардың шектеулi көлемiн әкелу кезiнде стикерлердi пайдалануға жол берiледi.
    Тұтынушылық қаптамаға стикерлердi жапсыру уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
    Ескерту. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

76-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттарды сатып
алу

  1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.
    2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттарды сатып алу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсау мақсатында дәрiлiк заттар уәкiлеттi орган белгiлегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.

77-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету
жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютор

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. P090134
    Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютер қызметiнiң негiзгi нысанасы өнiм берушiлердi таңдау және олармен өнiм беру шарттарын жасасу, тапсырысшыларды уәкiлеттi орган айқындайтын тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тiзiмi бойынша дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және беру жөнiндегi қызметтердi тапсырысшының ұсынуы болып табылады.
    2. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. P091729
    3. Өнiм берушiнiң дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiрушi не өндiрушiнiң ресми өкiлi мәртебесiнiң болуы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютердiң әлеуеттi өнiм берушiнi таңдауының негiзгi критерийi болып табылады.
    4. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың принциптерi:
    1) сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
    2) сатып алуды жүргiзу рәсiмiне қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерге тең мүмкiндiктер беру;
    3) әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
    4) сатып алу процесiнiң жариялылығы және ашықтығы;
    5) отандық тауар өндiрушiлердi қолдау болып табылады.
    5. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай дистрибьютор өз мiндеттерiн орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

78-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау

  1. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес қауiпсiздiгiнiң, тиiмдiлiгi мен сапасының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады және тасымалданады.
    Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймаларында техникалық регламенттерде және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарда белгiленген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайлар, алаңдар, арнаулы жабдықтар, жиһаз, мүкәммал, өртке қарсы жабдықтар, аспаптар болуға, сондай-ақ уәкiлеттi органның рұқсаты болуға тиiс.
    2. Дәрiлiк препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзiмiн ұзартуға тыйым салынады.
    Ескерту. 78-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

79-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы жою

 

Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн басқа да дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткiзуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледi және олар осы дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жоюына жатады.
Ескерту. 79-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

80-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы әкелу тәртiбi

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен жүзеге асырылады.
    2. Тиiстi өндiрiстiк практика жағдайларында өндiрiлген дәрiлiк субстанцияларды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етiлмейдi.
    3. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелмеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы:
    1) егер олар:
    мемлекеттiк тiркеуге;
    одан әрi өткiзу құқығынсыз көрмелер өткiзуге;
    сирек кездесетiн және (немесе) аса ауыр ауруларды жеке-дара емдеуге;
    төтенше жағдайлар салдарларының алдын алуға және оларды жоюға;
    денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген, баламасы жоқ бiрегей медициналық техникамен жарақтандыруға;
    клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргiзуге арналса, уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша;
    2) мынадай:
    егер олар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жеке тұлғаның емделу курсына қажеттi мөлшерде жеке басына пайдалануына арналса;
    Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралының жолаушыларды емдеуге арналған алғашқы көмек дәрi қобдишасының құрамында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiледi.
    4. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретiнде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
    5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейтiн дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тәркiленуге және жойылуға жатады.
    6. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi:
    1) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiруге лицензиясы бар өндiрушi ұйымдар;
    2) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;
    3) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы осы Кодекске сәйкес әзiрлеу және мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;
    4) мемлекеттiк тiркеу кезiнде сараптама, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiрушiлердiң көрмелерiне қатысу үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiрушi шетелдiк ұйымдар, олардың уәкiлеттi өкiлдiктерi (филиалдары) немесе олардың сенiм бiлдiрiлген жеке және заңды тұлғалары;
    5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшiн денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.
    7. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кеден одағының шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткiзген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi көрсетiле отырып, әкелiнген дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттiк тiркелуi туралы уәкiлеттi орган растаған мәлiметтер табыс етiлуге тиiс.
    8. Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органы уәкiлеттi органға дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнгенi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлгенi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
    Ескерту. 80-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30№ 297-IV(2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

81-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы әкету тәртiбi

  1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен жүзеге асырылады.
    2. Дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:
    1) Қазақстан Республикасының аумағынан кететiн жеке тұлғалардың емделу курсына қажеттi мөлшерде жеке басына пайдалануы үшiн;
    2) Қазақстан Республикасының аумағынан кететiн көлiк құралының жолаушыларды емдеуге арналған алғашқы көмек дәрi қобдишасының құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан уәкiлеттi органның рұқсатынсыз әкетiлуi мүмкiн.
    3. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының аумағынан кететiн медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
    Ескерту. 81-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

15-тарау. ДӘРIЛIК ЗАТТАРДЫҢ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ
БҰЙЫМДАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

 

82-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы монтаждау, жөндеу, оларға техникалық
және метрологиялық қызмет көрсету

  1. Медициналық техниканы және жекелеген жағдайларда медициналық мақсаттағы бұйымдарды монтаждауды, жөндеудi, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жұмыстарды орындауға құқығы бар жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.
    2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жөндеуден кейiнгi қауiпсiздiк деңгейi медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық паспортында белгiленген қауiпсiздiк деңгейiнен төмен болмауға тиiс.
    3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес реттеледi.
    4. Өлшем құралы болып табылатын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолданылуға рұқсат етiледi.
    Өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тiзбесiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.

83-бап. Қауiпсiздiктi сыныптау және медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың
ықтимал қатерiнiң дәрежесiне қарай қауiпсiздiгiн
қайта сыныптау

  1. Қазақстан Республикасында қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника пациенттердiң, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы пайдаланатын персоналдың және өзге де адамдардың денсаулығына зиян келтiретiн ықтимал қатерiнiң дәрежесiне қарай қауiпсiздiк сыныптарына бөлiнедi.
    Қауiпсiздiк сыныптарының әрқайсысы белгiлi бiр техникалық регламенттерге сәйкес келетiн медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың топтарын және типтерiн қамтиды. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бiр мезгiлде бiрнеше қауiпсiздiк сыныбына жатқызуға болмайды.
    2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауiпсiздiгiн сыныптау қағидаларын техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
    3. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сыныптау принциптерi:
    1) қолданылу ұзақтығын;
    2) инвазивтiлiгiн;
    3) организммен байланысының болуын немесе онымен өзара байланысын;
    4) организмге енгiзу тәсiлiн;
    5) өмiрлiк маңызы бар ағзаларға қолданылуын;
    6) энергия көздерiнiң қолданылуын ескередi.
    4. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауiпсiздiк сыныбына жатқызылуын оларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде уәкiлеттi орган айқындайды.
    5. Егер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауiпсiздiк сыныбын қайтадан айқындау үшiн негiздер пайда болса, өндiрушiнiң мемлекеттiк тiркеуден кейiн кемiнде екi жыл өткен соң қайта сыныптау рәсiмiн жүргiзуге құқығы бар.
    6. Уәкiлеттi орган медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника жұмысының негiзiне алынған принциптердiң, құбылыстардың, медициналық әдiстемелердiң егжей-тегжейлi есептерiне негiзделген өзгерiстердi сыныптамаға енгiзе алады.

84-бап. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу,
оларды тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою

  1. Уәкiлеттi орган:
    1) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника - техникалық регламенттер мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген;
    2) дәрiлiк заттардың адамның денсаулығына қауiптi, дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлмеген жанама әсерлерi анықталған;
    3) медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы қолдану процесiнде оларды қолдану қауiпсiздiгiне әсер ететiн конструкциясының ақаулары, жұмыс iстеу принципi, өндiрiстiк орындалуы анықталған;
    4) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың сапасына, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiне әсер ететiн оларды өндiрудiң бекiтiлген процесi бұзылған;
    5) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға байланысты пациенттiң немесе тұтынушының денсаулығына зиян келтiру туралы деректер болған;
    6) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың қауiпсiздiк деңгейiн төмендетудi қамтамасыз ететiн, өндiрiс технологиясы мен сапаны бақылаудың ғылыми-техникалық деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi туралы деректер алынған жағдайларда, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға, өткiзуге немесе өндiруге тыйым салуы немесе тоқтата тұруы, сондай-ақ оларды айналыстан алып қою туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
    2. Тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 84-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

85-бап. Дәрiлiк заттардың жанама әсерлерiнiң мониторингi

  1. Дәрiлiк заттардың жанама әсерлерiнiң мониторингi медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жүргiзiледi.
    2. Денсаулық сақтау субъектiлерi уәкiлеттi органға дәрiлiк заттың басқа да дәрiлiк заттармен өзара әрекеттесу ерекшелiктерiнiң байқалу фактiлерi және жанама әсерлерi, оның iшiнде дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлмеген жанама әсерлерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

86-бап. Жаңа дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген жаңа дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн дәрiлiк заттар туралы, мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi қайтарып алу туралы, сондай-ақ дәрiгердiң рецептi бойынша босатылатын дәрiлiк заттар туралы ақпарат медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған баспа басылымдарында берiледi.

 

5-БӨЛIМ. АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ

 

16-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН
МIНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДIҢ КЕПIЛДIКТЕРI

 

87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз
етудiң кепiлдiктерi

 

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
1) денсаулық сақтау құқығына;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң көрсетiлуiне;
3) медициналық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне;
4) медициналық көмектiң сапасына;
5) дәрiлiк заттардың қолжетiмдiлiгiне, сапасына, тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне;
6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
7) жеке өмiрге қол сұғылмауына, дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуына;
8) ұрпақты болуды таңдау еркiндiгiне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;
9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылыққа және радиациялық қауiпсiздiкке кепiлдiк бередi.

 

88-бап. Азаматтардың құқықтары

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
    1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға;
    2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етiлуге, оның iшiнде белгiлi бiр аурулары (жай-күйлерi) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегiн немесе жеңiлдiкпен берiлетiн дәрiлiк заттармен және мамандандырылған емдiк өнiмдермен қамтамасыз етiлуге;
    3) медициналық ұйымды, сапалы әрi уақтылы медициналық көмектi еркiн таңдауға;
    4) өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың, ерiктi сақтандыру жүйесiнiң қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс қосымша медициналық қызметтерге;
    5) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен айғақтар болған кезде, бюджет қаражаты есебiнен шетелде медициналық көмек алуға;
    6) медицина қызметкерлерiнiң дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтiрiлген зиянды өтетуге;
    7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактiсiн куәландыруға;
    8) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және емдеушi дәрiгерден олардың құзыретi шегiнде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудiң және медициналық оңалтудың әдiстерi, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйiн, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн, оның iшiнде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететiн факторлар туралы дәйектi ақпаратты өтеусiз алуға;
    9) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттiк органдардан, тәуелсiз сарапшы ұйымдардан және субъектiлерден өткiзiлетiн дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi мен сапасы туралы ақпарат алуға;
    10) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртiбiмен шағым жасауға;
    11) мемлекеттiк медициналық сараптама қорытындыларымен келiспеген жағдайда, тәуелсiз сарапшыларды тарту туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
    2. Әйелдiң ана болу туралы мәселенi өзi шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзi қаламайтын жүктiлiктен сақтанудың қазiргi заманғы әдiстерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
    Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
    1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде медициналық тексерiп-қарау, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;
    2) науқас баланы күтiп-бағу үшiн стационарға түскен кезде әйелдердiң ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тiкелей әсер ететiн негiзгi ауруларды медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етiледi.
    Жүктi әйелдер мен бала емiзетiн аналардың жұмыс уақытының режимi, жүктiлiгi мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
    3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендiруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.
    Жыныстық сәйкестендiруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
    4. Бас бостандығы шектеулi, сондай-ақ сот үкiмi бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен көрсетiледi. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтiрiлген барлық құқықтарын пайдаланады.
    5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн қатты аурулары болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбеге сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға құқығы бар.
    Ескерту. 88-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

89-бап. Балалардың құқықтары

  1. Әрбiр баланың:
    1) денсаулық сақтау жүйесiнiң уақтылы әрi тиiмдi қызметтерiн және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтiру құралдарын пайдалануға;
    2) денсаулық сақтау саласында бiлiм алуға;
    3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде медициналық тексерiп-қаралуға және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрiмен қамтамасыз етiлуге және сауықтырылуға құқығы бар.
    2. Балаларды стационарлық емдеу кезiнде:
    1) үш жасқа дейiнгi, сондай-ақ дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша қосымша күтiп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтiп-бағуды тiкелей жүзеге асыратын анасына (әкесiне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ берiлiп, онымен медициналық ұйымда бiрге болу мүмкiндiгi жасалады;
    2) бiр жасқа дейiнгi баланы емiзетiн ана баланы күтiп-бағу үшiн медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегiн тамақпен қамтамасыз етiледi.
    3. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтiру емiн алу кезеңiнде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздiксiз бiлiм алуға құқығы бар.
    Стационарлық балалар бөлiмшелерiнiң және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттерiне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
    4. Мүмкiндiгi шектеулi, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың бiлiм беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегiн медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.
    АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерiнде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.
    5. Балаларды балалар үйiне және бiлiм беру ұйымына, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

90-бап. Азаматтардың, дара кәсiпкерлер мен заңды
тұлғалардың мiндеттерi

  1. Азаматтар:
    1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
    2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимiн сақтауға;
    3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексерiп-қараудан өтуге;
    4) медицина қызметкерлерiнiң, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;
    5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөнiндегi сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуi бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар кезiнде өзiнiң ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға мiндеттi.
    Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртiбiмен емделуге тартылады.
    Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiздерi мен тәртiбi осы Кодекспен реттеледi;
    6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға мiндеттi.
    2. Жүктi әйелдер жүктiлiктiң он екi аптасына дейiнгi мерзiмде медициналық есепке тұруға мiндеттi.
    3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мiндеттiлiкте болады.
    4. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес:
    1) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзуге;
    2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң, сондай-ақ мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актiлерi мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;
    3) орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және өнiмдi өндiру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткiзу кезiнде оның қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз етуге;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыруға;
    5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттiк, кәсiптiк аурулар мен улану пайда болған жағдайда, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауiп төндiретiн авариялық жағдайлар, өндiрiстiң тоқтауы туралы, технологиялық процестердiң бұзылуы туралы уақтылы хабарлауға;
    6) дәрiлiк заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама әсерлерi анықталған жағдайда, уәкiлеттi органға уақтылы хабарлауға;
    7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттiк ауруларын жұқтыру қаупi бар қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;
    8) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына өздерiнiң құзыретiне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргiзу үшiн өнiмдердiң, шикiзаттың, тауарлардың, өндiрiстiк ортаның сынамаларын iрiктеп алуға мүмкiндiк жасауға;
    9) медициналық тексерiп-қараудан өткендiгiн куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жiбермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;
    10) тауарлардың, өнiмдердiң, шикiзаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, оларды өткiзуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдауға;
    РҚАО-ның ескертпесi!
    11) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15N 461-IV(2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    11) санитариялық паспорты болуға;
    12) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты есепке алу және есептiлiк құжаттамасын тексеруге ұсынуға;
    13) егер кәсiпкерлiк және (немесе) өзге де қызмет халықтың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса, оны тоқтата тұруға;
    14) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектiлердi халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң сақталуы тұрғысынан тексеруi мақсатында оларға кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;
    15) эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларын өз қаражаты есебiнен жүргiзуге мiндеттi.
    Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

91-бап. Пациенттердiң құқықтары

  1. Пациенттiң осы Кодекстiң 88-бабында көрсетiлген құқықтардан басқа:
    1) диагностика, емдеу және күтiм жасау процесiнде өзiне лайықты iлтипат жасалып, өзiнiң мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетiлуiне;
    2) қандайда бiр кемсiтушiлiк факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негiзiнде айқындалатын кезектiлiкпен медициналық көмек алуға;
    3) дәрiгердi немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;
    4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ дiни бiрлестiктер қызметшiлерiнiң тарапынан қолдау көрсетiлуге;
    5) медициналық технологиялардың қазiргi деңгейi қандай мүмкiндiк берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңiлдетiлуiне;
    6) өзiнiң денсаулық жағдайы туралы тәуелсiз пiкiр естуге және консилиум өткiзiлуiне;
    7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.
    2. Пациенттiң өз құқықтары мен мiндеттерi, көрсетiлетiн қызметтер, ақылы қызметтердiң құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртiбi туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттiң құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекi үгiт орналасатын жерлерiнде орналастырылуға тиiс.
    Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзiне медициналық қызметтер көрсететiн адамдардың аты-жөнi мен кәсiптiк мәртебесi туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның iшкi тәртiбiнiң қағидалары туралы мәлiметтер берiлуге тиiс.
    3. Медициналық көмек пациенттiң ауызша немесе жазбаша хабардар етiлген ерiктi түрдегi келiсiмi алынғаннан кейiн көрсетiлуге тиiс.
    4. Пациент медициналық көмек алу кезiнде ұсынылатын және баламалы емдеу әдiстерiнiң ықтимал қатерi мен артықшылықтары туралы деректердi, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәлiметтердi, пациентке түсiнiктi болатын нысандағы диагноз, емдiк iс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйi туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерi туралы түсiнiк алуына құқығы бар.
    5. Пациент өз денсаулығының жай-күйi туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттiң ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресiмделедi және медициналық құжаттамаға енгiзiледi.
    6. Егер медициналық апараттың берiлуi пациентке пайдасын тигiзбейтiнi былай тұрсын, елеулi зиянын да тигiзедi деуге кесiмдi негiз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттiң жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкiлдерiне хабарланады.
    7. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердiң оқу процесiне қатысудан, сондай-ақ емдiк-диагностикалық рәсiмдердiң өткiзiлуi кезiнде үшiншi тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.
    8. Пациенттердiң құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
    9. Пациенттiң медициналық көмек алу кезiнде тағайындалған дәрiлiк зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
    10. Некелесетiн азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.

92-бап. Пациенттердiң мiндеттерi

  1. Пациент осы Кодекстiң 90-бабында көрсетiлген мiндеттерден басқа:
    1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
    2) медицина қызметкерлерiмен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
    3) диагноз қою және ауруды емдеу үшiн қажеттi бүкiл ақпаратты дәрiгерге хабарлауға, медициналық араласуға келiсiм бергеннен кейiн емдеушi дәрiгердiң барлық нұсқамаларын мүлтiксiз орындауға;
    4) медициналық ұйымның iшкi тәртiбiнiң қағидаларын сақтауға және мүлкiне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезiнде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
    5) диагностика мен емдеу процесiнде, сондай-ақ айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар не оларға күдiк пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйiнiң өзгерiсi туралы медицина қызметкерлерiн уақтылы хабардар етуге;
    6) басқа пациенттердiң құқықтарын бұзатын iс-әрекеттер жасамауға;
    7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
    2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетiлген пациенттердiң мiндеттерi науқас балаға стационарда күтiм жасауды тiкелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

  1. Осы Кодекстiң 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттiң немесе оның заңды өкiлiнiң медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
    2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде, пациентке немесе оның заңды өкiлiне оған түсiнiктi түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсiндiрiлуге тиiс.
    3. Медициналық көмектен бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетiле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресiмделедi және оған пациент не оның заңды өкiлi, сондай-ақ медицина қызметкерi қол қояды.
    Пациент не оның заңды өкiлi медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиiстi жазбаны медицина қызметкерi жүзеге асырады және оған қол қояды.
    4. Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабiлетсiз адамның заңды өкiлдерi аталған адамдардың өмiрiн сақтап қалу үшiн қажеттi медициналық көмектен бас тартқан кезде, медициналық ұйым олардың мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгiнуге құқылы.

94-бап. Азаматтардың келiсiмiнсiз медициналық көмек
көрсету

  1. Азаматтардың келiсiмiнсiз:
    1) өз еркiн бiлдiруге мүмкiндiк бермейтiн есеңгiреген, ес-түссiз жағдайдағы;
    2) айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегушi;
    3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi;
    4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi және қоғамға қауiптi әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол берiледi.
    2. Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Заңды өкiлдерi болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешiмдi консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкiн болмаған кезде - медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкiлдердi кейiннен хабардар ете отырып, шешiмдi тiкелей медицина қызметкерi қабылдайды.
    3. Азаматтардың келiсiмiнсiз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер жойылғанға дейiн жалғастырылады.
    Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

95-бап. Дәрiгерлiк құпия

  1. Медициналық көмекке жүгiну фактiсi, азаматтың денсаулығының жай-күйi, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезiнде алынған өзге де мәлiметтер дәрiгерлiк құпияны құрайды.
    2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгiленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсiптiк, қызметтiк және өзге де мiндеттердi орындау кезiнде дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтер белгiлi болған адамдардың оларды жария етуiне жол берiлмейдi.
    3. Дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пациенттiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен пациенттi зерттеп-қарау және емдеу мүддесiне орай, ғылыми зерттеулер жүргiзу, осы мәлiметтердi оқыту процесiнде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол берiледi.
    4. Дәрiгерлiк құпияны құрайтын мәлiметтердi азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз беруге мынадай жағдайларда:
    1) өзiнiң жай-күйiне байланысты өз еркiн бiлдiруге қабiлетсiз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;
    2) айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралу қатерi болған кезде;
    3) тергеу немесе сот талқылауын жүргiзуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;
    4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабiлетсiз адамға медициналық көмек көрсету кезiнде оның заңды өкiлдерiн хабардар ету үшiн;
    5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтiрiлдi деп есептеуге негiздер болған кезде жол берiледi.
    5. Пациенттiң рұқсатынсыз оның жеке өмiрiне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтандырылған деректер базаларына енгiзуге және пайдалануға жол берiлмейдi.
    Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердiң жеке өмiрiне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезiнде пациенттердiң рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желiлерге қосуға жол берiлмейдi.

17-тарау. АДАМНЫҢ ҰРПАҚТЫ БОЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

 

96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау
саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

  1. Азаматтардың:
    1) ұрпақты болуды еркiн таңдауға;
    2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi алуға; V095873
    3) өзiнiң ұрпақты болу денсаулығының жай-күйi туралы дәйектi және толық ақпарат алуға;
    4) бедеулiктен емделуге, оның iшiнде Қазақстан Республикасында рұқсат етiлген, ұрпақты болудың қазiргi заманғы қосалқы әдiстерi мен технологияларын қолдана отырып емделуге;
    5) жыныстық жасушалар донорлығына;
    6) контрацепция әдiстерiн пайдалануға және еркiн таңдауға;
    7) хирургиялық стерилизациялануға;
    8) жүктiлiктi жасанды түрде үзуге; V095864
    9) өзiнiң ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;
    10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесiз тууының уақытына, туу аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшiн қажеттi аралық жиiлiкке қатысты шешiмдi ерiктi түрде қабылдауға;
    11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.
    2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.
    3. Азаматтар өздерiнiң ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезiнде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға мiндеттi.

97-бап. Әйелдердiң жүктiлiк, босану және босанғаннан
кейiнгi кезеңiнде денсаулығын сақтау

  1. Әйелдiң жүктiлiк кезеңiнде, босану кезiнде және босанғаннан кейiн, оның iшiнде шарананы тiрi туудың және өлi туудың халықаралық критерийлерiмен айқындалатын мерзiмiнен бұрын босанғаннан кейiн Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етiлген әдiстердi қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.
    2. Жүктi, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында медициналық, консультациялық көмек тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде ұсынылады.
    3. Жүктiлiк кезеңiнде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
    Зерттеп-қарауды, емдеудi және медициналық араласуды кешеуiлдету әйелдiң және баланың (шарананың) өмiрiне қауiп төндiретiн жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеудi және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешiмдi дәрiгер немесе дәрiгерлiк комиссия қабылдайды.

98-бап. Бедеулiктен емделу

  1. Адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында, жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда қауiпсiз және тиiмдi әдiстермен, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес рұқсат еткен, ұрпақты болудың қосалқы әдiстерi мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиiмдiлiгi, қолданудың оңтайлы мерзiмдерi туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлары туралы толық әрi түбегейлi ақпаратты және олардың организмге әсер етуiне қатысты өзге де мәлiметтердi мiндеттi түрде ала отырып, бедеулiктен емделуге құқығы бар.
    2. Тiркелген некеде тұрған адамдардың ұрпақты болудың қосалқы әдiстерi мен технологияларын өзара келiсiм бойынша ғана пайдалануға құқығы бар.

99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдiстерi мен
технологиялары, клондау

  1. Әйелдердiң ұрпақты болудың қосалқы әдiстерi мен технологияларына (жасанды инсеминацияға, жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға) құқығы бар.
    2. Ұрпақты болудың қосалқы әдiстерi мен технологияларын жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган айқындайды.
    3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкiндiгi жағдайларын қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдiстерi мен технологияларын пайдалану кезiнде болашақ баланың жынысын таңдауға жол берiлмейдi.
    4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн алуға болмайды.
    5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бiрдей түрлердi өрбiтiп-өсiруге тыйым салынады.

100-бап. Суррогат ана болу кезiндегi медициналық көмек

  1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгiзiлгеннен кейiн ұрықты көтерiп жеткiзетiн әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтерудi және мерзiмiнен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды бiлдiредi.
    2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерiн қоса алғанда, психикалық, соматикалық және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйi туралы медициналық қорытынды алған жиырма жастан отыз бес жасқа дейiнгi әйелдер суррогат ана бола алады.
    3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi, баланың құқықтары және келiсiмшарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасымен реттеледi.

101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау

  1. Он сегiз жастан отыз бес жасқа дейiнгi, тәнi мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың донорлары болуға құқығы бар.
    2. Донорлардың өздерiнiң донорлық жыныстық жасушаларының кейiнгi тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
    3. Донорлықты жүргiзудiң және жыныстық жасушаларды сақтаудың тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

102-бап. Контрацепцияны пайдалану

  1. Азаматтардың контрацепция, оның iшiнде медициналық контрацепция әдiстерi мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқығы бар.
    2. Азаматтарға денсаулығының жай-күйiн, жасын және өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдiстерi мен құралдарын жеке iрiктеу жөнiндегi медициналық көмек көрсетiледi.

103-бап. Хирургиялық стерилизациялау

  1. Қаламаған жүктiлiктiң алдын алу әдiсi ретiнде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемiнде екi баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтар мен кәмелеттiк жастағы азаматтың келiсiмi болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкiн.
    2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жекеше медициналық практикамен айналысатын, осы қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның бiржола жасалатыны туралы мiндеттi түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келiсiмi бойынша ғана жүргiзедi.
    3. Хирургиялық стерилизациялауды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

104-бап. Жүктiлiктi жасанды түрде үзу

  1. Әйелдiң жүктiлiктi жасанды түрде үзуге құқығы бар.
    Жүктiлiктi жасанды түрде үзудiң алдын алу мақсатында дәрiгерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық терiс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсiндiруге бағытталған әңгiмелер өткiзуге мiндеттi.
    2. Жүктiлiктi жасанды түрде үзу әйелдiң қалауы бойынша жүктiлiктiң он екi аптаға дейiнгi мерзiмiнде, әлеуметтiк айғақтар бойынша - жүктiлiктiң жиырма екi аптаға дейiнгi мерзiмiнде, ал жүктi әйелдiң және (немесе) шарананың өмiрiне қатер төндiретiн медициналық айғақтар болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйiнiң өмiрмен сыйыспайтын туа бiткен кемiстiгi түзелмейтiн монотектiк генетикалық аурулар болған кезде) - жүктiлiктiң мерзiмiне қарамастан жасалады.
    3. Кәмелетке толмаған адамның жүктiлiктi жасанды түрде үзуi олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi.
    4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдiң қалауы бойынша жүктiлiктi жасанды түрде үзуге дейiн және одан кейiн, контрацепция әдiстерi мен құралдарын жеке iрiктеудi қоса алғанда, медициналық-әлеуметтiк консультация өткiзiледi.
    5. Жүктiлiктi жасанды түрде үзудiң тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

18-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТIК КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық
көмек көрсету

  1. Туберкулезбен ауыратын науқастар мiндеттi түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде қажеттi дәрiлiк заттармен қамтамасыз етiледi.
    2. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастар мiндеттi түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиiс.

106-бап. Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады
деп танудың тәртiбi

  1. Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп тану зертханалық және аспаптық зерттеулердiң нәтижелерi ескерiле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.
    2. Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп тану мақсатында медициналық зерттеп-қарауды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
    3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешiмiне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.

107-бап. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын
азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң
негiзi мен тәртiбi

  1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттердi мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеудi қамтиды.
    2. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрiгер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тiркелген бас тартуы негiз болып табылады.
    3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешiмдi денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
    4. Әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнен босатылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, ерiктi емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi материалдарды босатылғанға дейiн бiр ай бұрын сотқа жiбередi.
    5. Мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы материалдарды олар келiп түскен күннен бастап бес күн мерзiмде сот мәжбүрлеп емдеуге жiберiлетiн азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзген денсаулық сақтау ұйымы немесе әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi өкiлiнiң қатысуымен қарайды.
    6. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындау атқарушылық iс жүргiзу органдарына жүктеледi.

108-бап. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, мәжбүрлеп
емделуде жүрген науқастардың құқықтары

  1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады.
    2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жiберу соттылыққа әкеп соқпайды.
    3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген науқастың жұмыс орны сақталады.
    4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзiлмейдi және ол жалпы еңбек стажына есептеледi.
    5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйiнде тұратын, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген науқастардың емдеуде болуының бүкiл уақыты iшiнде тұрғын үйi сақталады.

109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда
туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын
науқастарды емдеу және ұстау

  1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
    2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеудi ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимi уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жүзеге асырылады.
    3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездiң микробактериялары бөлiнiп шығуы тоқтатылғанға дейiн жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жерi бойынша амбулаториялық жағдайда емдеудi жалғастыру үшiн шығарылуға жатады.
    Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделудi жалғастырады.

110-бап. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын
науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейiнгi
медициналық байқау және емдеу

 

Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейiн тұрғылықты жерi бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға мiндеттi.

 

111-бап. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға
әлеуметтiк көмек

 

Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейiн туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарға жергiлiктi атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетедi.

 

19-тарау. АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ЖӘНЕ ЖИТС-ПЕН
АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТIК КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы,
диагностикасы және оны емдеу мәселелерiндегi
мемлекет кепiлдiктерi

 

Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға:
1) тегiн негiзде ерiктi түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетiмдiлiгi мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтiк, заңдық және медициналық консультациялар беруге;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде медициналық көмекке және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
3) әлеуметтiк және құқықтық қорғауға;
4) ауруының сипатына байланысты қандай да бiр кемсiтушiлiк нысандарына жол бермеуiне;
5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берiлу қаупiн азайту жөнiндегi профилактикалық iс-шараларды жүзеге асыруға кепiлдiк бередi.

 

113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды
әлеуметтiк қорғау

  1. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етiледi.
    2. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына нұқсан келтiруге жол берiлмейдi.
    3. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауыруы медицина қызметкерлерiнiң және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерiнiң өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.

 

114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

 

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөнiндегi iс-шаралар:
1) халықтың түрлi топтарына арналған нысаналы профилактикалық және бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;
3) халықтың түрлi топтары үшiн ақпараттық материалдар әзiрлеу және тарату;
4) АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру;
5) сенiм, жасырын тестiлеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерiн құру;
6) терi қабаттары бүтiндiгiнiң бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

 

115-бап. АИТВ-ға зерттелiп-қаралу

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегiн негiзде ерiктi түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттелiп-қаралуға және АИТВ инфекциясы мәселелерi бойынша консультациялар алуға құқығы бар.
    2. АИТВ инфекциясының болуына мiндеттi құпия медициналық зерттелiп-қаралуға:
    1) қанның, оның компоненттерiнiң, тiндердiң және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлiктерiнiң), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттерi;
    2) өздерiне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының сұрау салуы негiзiнде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткiлiктi негiздер бар адамдар;
    3) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдар жатады.
    3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-ның болуына зерттелiп-қаралудан жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығарып жiберiледi.
    Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын шет мемлекеттердiң дипломатиялық, өкiлдi және консулдық мекемелерiнiң қызметкерлерi мен өзге де адамдары АИТВ-ның болуына зерттелiп-қаралудан тек өздерiнiң келiсiмдерiмен ғана өтедi. Оларды зерттеп-қарау қажеттiгi туралы ұсынысты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен алдын ала келiседi.
    4. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабiлетсiз адамдарды куәландыру олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен немесе олардың қалауы бойынша жүргiзiледi.
    5. Медициналық зерттеп-қарау кезiнде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактiсiн анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттелiп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар берiп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттiгi туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi.
    Ескерту. 115-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

20-тарау. ПСИХИКАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНАН (АУРУЫНАН) ЗАРДАП
ШЕГУШI АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТIК КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгiнудiң ерiктiлiгi

  1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының диагностикасын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдарды емдеудi, оларға күтiм жасауды және медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды.
    2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерiктi түрде өтiнiш жасаған кезде оның жазбаша келiсiмiмен көрсетiледi.
    3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамға психиатриялық көмек осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен көрсетiледi.

117-бап. Кәсiптiк қызметтiң жекелеген түрлерiн атқаруды
шектеу

  1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсiптiк қызметтiң жекелеген түрлерiн, сондай-ақ жоғары қауiп көзiне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
    Жарамсыз деп тану тиiстi сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлiгi бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрiгерлiк комиссияның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
    Азамат аталған комиссияның шешiммен келiспеген жағдайда, ол жөнiнде сотқа шағымдана алады.
    2. Кәсiптiк қызметтiң жекелеген түрлерiн, сондай-ақ жоғары қауiп көзiне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол бес жылда кемiнде бiр рет жинақталған тәжiрибе мен ғылыми жетiстiктер ескерiле отырып, қайта қаралады.

118-бап. Психиатриялық көмек көрсетiлетiн азаматтардың
құқықтары мен мүдделерiн қорғау

  1. Азамат өзiне психиатриялық көмек көрсетiлген кезде өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн өз таңдауымен өкiлдi шақыруға құқылы. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде және Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
    2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамның психиатриялық көмек көрсетiлген кездегi заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
    3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетiлген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды адвокат немесе заңды өкiл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек көрсететiн ұйымның әкiмшiлiгi осы Кодекстiң 97-бабы 3-тармағының екiншi бөлiгiнде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы
және оны емдеу

  1. Психиатр-дәрiгер психиатриялық көмек көрсетедi.
    2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көрiнiстерге, зертханалық деректерге, объективтi мәлiметтерге сәйкес психиатр-дәрiгер қояды. Мәжбүрлi тәртiппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрiгерлер комиссиясы қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және дiни құндылықтармен келiспеуiне не оның психикалық денсаулық жағдайына тiкелей байланысы жоқ өзге де себептерге негiздеуге болмайды.
    3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамға диагноз қою және оны емдеу үшiн Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етiлген медициналық құралдар мен әдiстер қолданылады.
    4. Медициналық құралдар мен әдiстер аурулы ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрiнде пайдалануға тыйым салынады.
    5. Дәрiгер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнiсiн дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкiлiне психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдiстерi туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудiң ұзақтығы, ықтимал ауруды сезiну, жанама әсерлер туралы және күтiлетiн нәтижелер туралы деректердi психиатриялық куәландыру жүргiзiлген кезден бастап қырық сегiз сағат iшiнде бередi. Медициналық құжаттамада берiлген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстiң 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкiн.
    6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамды емдеу оның немесе оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
    7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамның келiсiмiнсiз немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген негiздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстiң 94-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша ауруханаға мәжбүрлеп жатқызған кезде жүргiзiлуi мүмкiн. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттердi қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрiгерлер комиссиясының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Адамды оның келiсiмiнсiз ауруханаға жатқызу кезiнде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегiз сағат iшiнде психиатр дәрiгерлер комиссиясының емдеу тәртiбi туралы шешiмдi қабылдау қамтамасыз етiлуге тиiс.
    8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамның немесе оның заңды өкiлiнiң ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.
    9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкiлiне емдеудi тоқтатудың ықтимал зардаптары түсiндiрiлуге тиiс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамның немесе оның заңды өкiлiнiң және психиатр-дәрiгердiң қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресiмделедi.
    Ескерту. 119-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi
адамдардың құқықтары

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген, азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.
    Психикасының бұзылуына (ауруына) байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.
    2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдардың бәрi өздерiне психиатриялық көмек көрсетiлген кезде:
    1) психиатриялық көмектi тұрғылықты жерi бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жерi бойынша алуға;
    2) емдеудiң кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдiстердi пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесiнен, суретке түсiруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;
    3) осы Кодекспен реттелетiн мәселелер бойынша дәрiгерлiк комиссияда жұмыс iстеу үшiн психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келiсiмiмен) тартуға;
    4) егер пациент он сегiз жасқа толмаған болса, жалпы бiлiм беретiн мектептiң немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептiң бағдарламасы бойынша бiлiм алуға;
    5) хат-хабар алысуға, посылкалар, бандерольдер, ақша, почта аударымдарын алуға және жiберуге, телефонды пайдалануға, келушiлердi қабылдауға, мерзiмдi баспа басылымдарына жазылуға;
    6) ең қажеттi заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киiмiн пайдалануға құқылы.
    3. Жiтi байқау жасалатын мамандандырылған үлгiдегi мемлекеттiк психиатриялық мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқықтардан басқа:
    1) қосымша тамақ сатып алуға;
    2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс медициналық қызметтер алуға;
    3) жеңiл керек-жарақтар, киiмдер, аяқ киiмдер сатып алуға;
    4) қалааралық телефон байланысын пайдалануға;
    5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.
    Аталған құқықтарды iске асыру осы құқықтар берiлетiн адамның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

121-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi
адамдарға қатысты медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шаралары

  1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетiн, қоғамға қауiптi әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешiмi бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен қолданылады.
    2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау жүйесiнiң психиатриялық ұйымдарында:
    1) амбулаториялық мәжбүрлi байқау және психиатрдың емдеуi;
    2) жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
    3) мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
    4) жiтi байқау жасалатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрiнде жүзеге асырылады.
    3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкiл кезеңiнде еңбекке жарамсыз деп танылады.
    4. Жеке және заңды тұлғалардан түсетiн ақша, оның iшiнде зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар жiтi байқау жасалатын мамандандырылған үлгiдегi мемлекеттiк психиатриялық мекеменiң (бұдан әрi - мекеме) қолма-қол ақшасын бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшiн аударылады.
    5. Ақшаны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
    6. Мекеменiң қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөнiндегi есеп пен есептiлiк, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

122-бап. Мемлекет кепiлдiк берген психиатриялық көмек
көрсету және әлеуметтiк қорғау

  1. Мемлекет:
    1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық көмекке;
    2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;
    3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдарға, оның iшiнде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге кепiлдiк бередi.
    2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдарға психиатриялық көмек көрсетудi қамтамасыз ету үшiн және оларды әлеуметтiк қорғау мақсатында мемлекет:
    1) психиатриялық көмек көрсетудi ұйымдастырады;
    2) психикасының бұзылуынан зардап шегушi кәмелетке толмағандарға, оның iшiнде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк оқытуды ұйымдастырады;
    3) өндiрiстiк-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектердi қоса алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшiн жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңiлдетiлген арнайы өндiрiстер, цехтар немесе учаскелер құрады.

123-бап. Психиатриялық куәландыру

  1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажеттiгiн және оның түрлерiн айқындау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау туралы мәселенi шешу үшiн жүргiзiледi.
    2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексерiп-қарау зерттеп-қаралатын адамның өтiнiшi бойынша немесе жазбаша келiсiмiмен немесе оның заңды өкiлдерiнiң куәландыру себептерi көрсетiлген жазбаша өтiнiшi бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамға қатысты - олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша немесе жазбаша келiсiмiмен жүргiзiледi.
    Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректерi мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тiркеледi, онда психиатр-дәрiгерге көрiну себептерi мен медициналық ұсынымдар да көрсетiледi.
    3. Тексерiлетiн адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi қарсылық бiлдiрген немесе ол болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша жүргiзiледi, оған сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
    4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргiзетiн дәрiгер зерттеп-қаралатын адамға және оның заңды өкiлiне өзiн психиатр ретiнде таныстыруға мiндеттi.
    5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негiз болатын iс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзiнiң келiсiмiнсiз немесе заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз психиатриялық куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн, мұның өзi:
    1) оның өзiне және айналасындағыларға тiкелей қауiп төндiруiне;
    2) оның дәрменсiздiгiне, яғни тиiстi күтiм болмаған жағдайда негiзгi тiршiлiк қажеттерiн өз бетiнше қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiне;
    3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетiлмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйiнiң нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулi зиян келуiне байланысты туындайды.
    6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстiң 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртiппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз психиатриялық куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн.
    7. Әртүрлi психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
    8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешiмдi психиатр дәрiгерлер комиссиясы адамның заңды өкiлiн хабардар ете отырып, қабылдайды.
    9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзiнiң келiсiмiнсiз немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз психиатриялық куәландыру туралы шешiмдi мұндай куәландыру үшiн осы баптың 5-тармағында санамаланған негiздердiң бар-жоғы туралы мәлiметтер қамтылған өтiнiш бойынша психиатр-дәрiгер қабылдайды.
    10.Алып тасталды - ҚР 2010.12.29N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    11. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    12. Психиатриялық куәландыру туралы өтiнiш жазбаша түрде болуға, онда мұндай куәландырудың қажеттiгiн негiздейтiн толық мәлiметтер және ол адамның (не оның заңды өкiлiнiң) психиатр дәрiгерге көрiнуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиiс. Психиатр дәрiгер шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы. Психиатр дәрiгер өтiнiште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенiн анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелдi себеппен бас тартады.
    Ескерту. 123-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi
науқастарды динамикалық байқау

  1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамның немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiне қарамастан динамикалық байқау белгiленуi мүмкiн және ол психиатр-дәрiгердiң тұрақты тексерiп-қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйiн байқауды және оған қажеттi медициналық және әлеуметтiк көмек көрсетудi көздейдi.
    2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтiн сипат алған, асқынған ауру белгiлерi жиi болатын адамға белгiленуi мүмкiн.
    3. Динамикалық байқауды белгiлеу қажеттiгi және оны тоқтату туралы мәселенi шешудi амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететiн психиатриялық ұйымның әкiмшiлiгi тағайындайтын психиатр-дәрiгерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрiгерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемiнде үш дәрiгер болады.
    4. Психиатр-дәрiгерлер комиссиясының дәлелдi шешiмi медициналық құжаттамаға жазбамен ресiмделедi. Динамикалық байқауды белгiлеу немесе оны тоқтату туралы шешiмге осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
    5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйi айтарлықтай әрi тұрақты жақсарған кезде бұрын белгiленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейiн сол адамның өтiнiшi бойынша немесе келiсiмiмен не оның заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша немесе келiсiмiмен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрiнде көрсетiледi. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адам психикалық жай-күйi өзгерген кезде осы Кодекстiң 123-бабында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен өзiнiң келiсiмiнсiз немесе заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз куәландырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда психиатр-дәрiгерлер комиссиясының шешiмi бойынша психикасы бұзылған (ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкiн.
    6. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселенi қарау психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамның өзiнiң бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкiлiнiң бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
    Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу

  1. Адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрiгердiң оған зерттеп-қарау жүргiзу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттiгi туралы шешiмi оны психиатриялық стационарға жатқызу үшiн негiз болып табылады.
    1-1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешiмiнiң негiзiнде жол берiледi.
    Сот шешiм шығарғанға дейiн адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға тек қана осы Кодекстiң 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол берiледi.
    Сот шешiмiнсiз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбiр жағдайында психиатриялық ұйымның әкiмшiлiгi адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегiз сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарлама жiбередi.
    Жұбайы-зайыбы, жақын туыстары және (немесе) заңды өкiлдерi туралы мәлiметтер болған кезде психиатриялық ұйымның әкiмшiлiгi адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегiз сағат iшiнде оларды хабардар етедi.
    2. Психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сот-психиатриялық сараптама жүргiзу қажеттiгiмен байланысты болуы мүмкiн.
    3. Осы Кодекстiң 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға жатқызу оның өтiнiшi бойынша немесе оның жазбаша келiсiмiмен ерiктi түрде жүзеге асырылады.
    4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлiнiң жазбаша келiсiмiмен жатқызылады.
    5.Алып тасталды - ҚР 2010.12.29N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    6. Заңды өкiлi қарсы болған немесе заңды өкiлi болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады, ауруханаға жатқызу туралы шешiм қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
    7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келiсiм медициналық құжаттамаға жазбамен ресiмделедi, оған сол адам немесе оның заңды өкiлi және психиатр-дәрiгер қол қояды.
    8. Адамның психиатриялық стационарда мәжбүрлеп ұсталуы оны ауруханаға жатқызу жөнiндегi негiздер сақталатын уақыт iшiнде ғана жалғастырылады.
    9. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған адам алғашқы алты ай iшiнде оның ауруханада жату мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн психиатриялық ұйымның психиатр-дәрiгерлер комиссиясының кемiнде айына бiр рет куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзiмiн алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен психиатр-дәрiгерлер комиссиясының өтiнiшi негiзiнде сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.
    10. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттiң өзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң, адвокаттың қалауы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
    Осы Кодекстiң 94-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша психиатриялық стационарға жатқызылған адам ауруханаға жатқызылған кезден бастап қырық сегiз сағат iшiнде ауруханаға жатқызудың негiздiлiгi туралы шешiм қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрiгерлер комиссиясының мiндеттi түрде куәландыруына жатады. Ауруханаға жатқызу негiзсiз деп танылып, жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайларда, ол дереу шығарылуға тиiс.
    11. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға келiспеген жағдайда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адам немесе оның заңды өкiлi сотқа жүгiнуге құқылы.
    Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

126-бап. Заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша немесе олардың
келiсiмiмен психиатриялық стационарға
орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе
сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамды
куәландыру

  1. Психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адам осы Кодекстiң 123-бабында көзделген тәртiппен психиатриялық ұйымның психиатр-дәрiгерлер комиссиясының мiндеттi түрде куәландыруына жатады.
    2. Кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адам ауруханада жату мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу үшiн алғашқы алты ай iшiнде кемiнде айына бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясының куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзiмiн алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы шешiм Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен психиатр-дәрiгерлер комиссиясының өтiнiшi негiзiнде сот шешiмi бойынша шығарылады.
    3. Психиатр-дәрiгерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкiмшiлiгi кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамның заңды өкiлдерi оларды ауруханаға жатқызу кезiнде қиянат жасауға жол берiлгенiн анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкiмшiлiгi көрсетiлген мән-жайлар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде бұл туралы прокурорға және қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.
    Ескерту. 126-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезiнде қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету шаралары

  1. Стационарлық психиатриялық көмектi, ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн неғұрлым аз шектеулi жағдайларда, медицина персоналы оның құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтай отырып, жүзеге асырады.
    2. Ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылып, психиатриялық стационарда болған кезiнде ауруханаға жатқызылған адамға күш қолданып, қысым жасау және оны оқшаулау шаралары, психиатр-дәрiгердiң пiкiрiнше, оның өзiне немесе басқа адамдарға тiкелей қауiп төндiретiн iс-әрекетiн өзге әдiстермен тыю мүмкiн болмаған кезде қолданылады және ол медицина персоналының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлерi мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкiлiне хабарланады.
    3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi медицина қызметкерлерiне мәжбүрлеп куәландыруды, мәжбүрлеп ауруханаға жатқызуды жүзеге асырған кезде жәрдемдесуге, ауруханаға жатқызылатын адамды тексерiп-қарау мақсатында оның қасына бару үшiн, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған адам (ауруханаға жатқызылуға тиiс адам) тарапынан айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайларда қауiпсiз жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.
    Ескерту. 127-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

  1. Психиатриялық стационардан шығару пациент сауыққан немесе оның психикалық жай-күйi стационарда одан әрi емдеудi қажет етпейтiндей жақсарғаннан кейiн, сондай-ақ стационарға орналастыру үшiн негiз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.
    2. Психиатриялық стационарда өз еркiмен жатқан пациент одан өзiнiң жеке өтiнiшi, оның заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша немесе оны емдеушi дәрiгердiң шешiмi бойынша шығарылады.
    3. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызылған пациенттi одан шығару психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы, сот шешiмi не прокурордың қаулысы бойынша бойынша жүргiзiледi.
    4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттiң шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.
    5. Психиатриялық стационарға өз еркiмен орналастырылған пациенттi, егер психиатриялық ұйымның психиатр-дәрiгерлер комиссиясы оны осы Кодекстiң 94-бабының 1-тармағында көзделгендей ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу негiздерiн анықтайтын болса, одан шығарудан бас тартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы, ауруханада жату мерзiмiн ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер 125-баптың 8-10-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен шешiледi.
    Ескерту. 128-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға
орналастыру үшiн негiздер

  1. Кәмелетке толмаған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшiн - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адам үшiн психиатр дәрiгердiң қатысуымен дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi негiз болып табылады.
    Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi, бiрақ әрекетке қабiлетсiз деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
    Қорытындыда адамның оны әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкiндiгiнен айыратындай болып психикасының бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабiлеттiлiгiне қатысты - сот алдында оны әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы мәселе қоюға негiздiң жоқтығы туралы мәлiметтер де куәландырылуға тиiс.
    2. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүлiктiк мүдделерiн қорғау үшiн шаралар қолдануға мiндеттi.
    3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жiберу үшiн адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негiз болып табылады. Ол ата-анасының не оның заңды өкiлiнiң өтiнiшi және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негiзiнде жiберiледi. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттiгi туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
    4. Психиатр-дәрiгер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қатысқан дәрiгерлiк комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгiдегi осындай ұйымға ауыстыру үшiн негiз болып табылады.
    5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
    1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi адамның жеке өтiнiшi бойынша, психиатр-дәрiгер қатысқан дәрiгерлiк комиссияның денсаулық жағдайы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
    2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамға күтiм-жасауды жүзеге асыруға мiндеттенетiн ата-анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
    Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29N 375-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-тарау. АЛКОГОЛИЗММЕН, НАШАҚОРЛЫҚПЕН ЖӘНЕ УЫТҚҰМАРЛЫҚПЕН
АУЫРАТЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТIК КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
ауыратындарға медициналық көмек көрсетудi
ұйымдастыру

  1. Мемлекет алкоголизмнiң, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын алу және оларды емдеу жөнiндегi шаралар жүйесiн қамтамасыз етедi.
    2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерiктi түрде емделуден жалтарған адамдарға сот шешiмi бойынша қолданылады.

131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
ауыратын және медициналық-әлеуметтiк оңалтуға
мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтiнiш
жасауы

  1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар наркологиялық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтiнiш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтiк оңалту ерiктi түрде жүргiзiледi және пациенттiң қалауы бойынша - жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкiн.
    2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамды медициналық-әлеуметтiк оңалту олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi.

132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және
уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртiбi

  1. Адамды алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тануды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тиiстi медициналық куәландырудан кейiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
    2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адам мұнымен келiспеген жағдайда, оның мұндай шешiмге жоғары тұрған денсаулық сақтауды басқару органына және (немесе) сотқа шағым жасауына болады.

133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
ауыратын адамдардың құқықтары

  1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың:
    1) бiлiктi медициналық көмек алуға;
    2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
    3) өз құқықтары, өздерiнiң наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу мен медициналық-әлеуметтiк оңалтудың қолданылатын әдiстерi туралы ақпарат алуға;
    4) медициналық-әлеуметтiк оңалтуды тұрғылықты жерi бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда - жүрген жерi бойынша өткiзуге құқығы бар.
    2. Нашақорлықпен ауыратын науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң ұсынылатын медициналық-әлеуметтiк оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар.
    3. Медициналық-әлеуметтiк оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкiлiне медициналық-әлеуметтiк оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары түсiндiрiлуге тиiс. Медициналық-әлеуметтiк оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресiмделедi, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкiлiнiң және психиатр-нарколог дәрiгердiң қолы қойылады.
    4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық байқауда тұру фактiсi негiзiнде ғана шектеуге жол берiлмейдi.

134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
ауыратын адамдарды есепке алу және байқау

 

Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдар тұрғылықты жерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепке тұруға және байқауға алынуға жатады және оларда уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен демеп емдеуден өтедi.

 

22-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

135-бап. Әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке
кандидаттарға,  ғарышкерлерге, ұлттық
қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының, әдiлет
органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы
қызметтiң, қаржы полициясының қызметкерлерiне,
олардың отбасы мүшелерi мен осы ведомстволардың
зейнеткерлерiне медициналық көмек көрсету

  1. Әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге, ұлттық қауiпсiздiк, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерi мен осы ведомстволардың зейнеткерлерiне медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.
    2. Қызметiн өткерiп жатқан жерде немесе тұрғылықты жерiнде олар болмаған жағдайда немесе ведомстволық медициналық ұйымдарда тиiстi бөлiмшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған жағдайда, медициналық көмек тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде медициналық ұйымдарда көрсетiледi.
    Ескерту. 135-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06N 379-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

136-бап. Иондаушы сәулеленудiң әсерiне ұшыраған
азаматтарға медициналық көмек көрсету

  1. Иондаушы сәулеленудiң әсерiне ұшыраған азаматтар медициналық көмектi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алады. Z923600, Z970093, Z980219
    2. Иондаушы сәулеленудiң әсерiне ұшыраған азаматтардан қан мен тiндердi алу, оларды сақтау және пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

137-бап. Экологиялық зiлзала салдарынан зардап шеккен
азаматтарға медициналық көмек көрсету

  1. Экологиялық зiлзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген адамдар санаты жатады.
    2. Экологиялық зiлзала салдарынан зардап шеккен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық көмек алады.

138-бап. Бас бостандығы шектеулi азаматтарға медициналық
көмек көрсету

Бас бостандығы шектеулi, сондай-ақ сот үкiмi бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар айқындайтын тәртiппен көрсетiледi. V053631

 

23-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕЛЕГЕН
ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ

 

139-бап. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерiн құю
және диагностиканың инвазиялық әдiстерiн қолдану
тәртiбi

  1. Хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерiн құю және диагностиканың инвазиялық әдiстерiн қолдану науқастардың жазбаша келiсiмiмен қолданылады.
    Сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi науқастарға және кәмелетке толмаған адамдарға хирургиялық араласу, қан мен оның компоненттерiн құю, диагностиканың инвазиялық әдiстерi олардың заңды өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмiмен жасалады.
    2. Медицина қызметкерлерi өмiрдi сақтау айғақтары бойынша хирургиялық араласуға кiрiсiп кеткен және оны тоқтату пациенттiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруiне байланысты мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, келiсiм керi қайтарып алынуы мүмкiн.
    3. Хирургиялық араласуды, қан мен оның компоненттерiн құюды, диагностиканың инвазиялық әдiстерiн қолдануды кiдiрту науқастың өмiрiне қауiп төндiретiн, ал науқастың немесе оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiн алу мүмкiн болмаған жағдайларда, дәрiгер немесе консилиум науқасты немесе оның заңды өкiлдерiн қолданылған шаралар туралы кейiннен хабардар ете отырып, шешiм қабылдайды.

140-бап. Биологиялық өлiмдi анықтау. Өмiрге дем беру
жөнiндегi жасанды шараларды тоқтату жағдайлары

  1. Биологиялық өлiм өмiрлiк маңызды функциялар бiржола тынатын, организм тiршiлiгiнiң тоқтауын бiлдiредi.
    2. Биологиялық өлiмдi медицина қызметкерi мынадай белгiлердiң жиынтығы негiзiнде растайды:
    1) жүрек қызметiнiң тоқтауы;
    2) тыныс алудың тоқтауы;
    3) орталық жүйке жүйесi жұмысының тоқтауы.
    3. Өмiрге дем беру жөнiндегi жасанды шаралар тек қана:
    1) биологиялық өлiм расталған;
    2) консилиум бас миының бiржола семуiн тiркеген кезде, жақын туыстарының және (немесе) заңды өкiлдерiнiң бiрауызды жазбаша келiсiмi болған кезде тоқтатылуы мүмкiн.

141-бап. Эвтаназия

 

Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

142-бап. Анатомиялық сый

  1. Анатомиялық сый - әрекетке қабiлеттi адамның өз тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) тiрi кезiнде де, қайтыс болғаннан кейiн де өз еркiмен құрбандық етуi, оны тиiсiнше ресiмдеген шарты немесе өсиетi арқылы адам жүзеге асырады.
    2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.
    3. Өсиет етiлген тiндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөлiктерiнен) басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн iшiнде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйiттерi де анатомиялық сый ретiнде танылады.
    4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргiзу үшiн ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
    5. Анатомиялық сыйды жасаудың және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

6-БӨЛIМ. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

 

24-тарау. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ
САЛАУАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

143-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
жүйесi

 

Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiне:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар кiредi.

 

144-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
нормалау

  1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң жұмысы болып табылады және ол:
    1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негiздемесi бойынша бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi және олардың әзiрленуiн бақылауды;
    2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзiрлеудi (қайта әзiрлеудi), сараптауды, бекiту мен жариялауды;
    3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеудi, қолданылу практикасын қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды;
    4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бiрыңғай деректер банкiн қалыптастыру мен жүргiзудi;
    5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық талаптармен үйлесiмдi етудi қамтиды.
    2. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттары санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдiстемелiк ұсынымдар, әдiстемелiк нұсқамалар, әдiстемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер, қағидалар мен стандарттар болып табылады.
    3. Санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердi қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарын әзiрлеу мен бекiтудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
    4. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (оның iшiнде мекендеу факторларының, кәсiпкерлiк және өзге де қызметтiң, өнiмдердiң, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң адам үшiн қауiпсiздiгiнiң және (немесе) зиянсыздығының критерийлерiн) белгiлейтiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер санитариялық қағидалар болып табылады, оларды сақтамау адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiредi, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауiп төндiредi.
    5. Гигиеналық норматив - зерттеулерде белгiленген, мекендеу ортасының белгiлi бiр факторын сипаттайтын көрсеткiштiң адам үшiн оның қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан алғанда, жол берiлетiн ең жоғарғы немесе ең төменгi сандық және (немесе) сапалық мәнi.
    6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
    7. Мемлекеттiк органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту кезiнде оларды уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
    Ескерту. 144-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер:
1) өндiрiстiк, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын күтiп-ұстау мен пайдалануға;
2) құрылыс салуға жер учаскесiн таңдауға;
3) объектiлердi жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге әрi күтiп-ұстауға;
4) өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдерге;
5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндiру технологияларына; .V106433
6) тамақ өнiмдерi мен тағамдық азық-түлiкке, оларды өндiрудiң, өлшеп-ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткiзудiң, кәдеге жаратудың және жоюдың шарттарына; .V106428
7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмдерге, онда генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң және қауiптi химиялық заттардың, оның iшiнде жойылуы қиын органикалық ластауыштардың болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесiне;
8) халықтың арнаулы, емдеу-профилактикалық, балалар тамағын, диеталық және қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға;
10) су көздерiне (шаруашылық-ауыз су үшiн су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға әрi мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне;.V106427
11) қалалық және ауылдық елдi мекендердегi, өнеркәсiп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндiрiстiк, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;
12) топыраққа және оның қауiпсiздiгiне, қалалық және ауылдық елдi мекендердiң, өнеркәсiп, құрылыс алаңдарының аумақтарын күтiп-ұстауға;.V106417
13) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;
15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;
16) адамға әсер ететiн физикалық факторлардың көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;
17) халықтың әртүрлi топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмiр сүруi және өндiрiстiк практика жағдайларына;
18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;
19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
20) жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыруға, шикiзаттың жаңа түрлерiне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздерiне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрiлiк заттарға, буып-түйетiн және полимерлiк материалдарға, парфюмерлiк-косметикалық, полиграфиялық өнiм мен кең тұтынылатын басқа да тауарларға әзiрленетiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, ұйымдардың стандарттарына, нормативтiк құжаттарға, рецептерге);
21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау құралдарын, жабдықтарын, материалдарын әзiрлеудi, сынауды, дайындауды, өндiрудi, сақтауды, тасымалдауды, өткiзудi, қолдануды, дезинфекция қызметi объектiлерiн күтiп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыруға және жүзеге асыруға; .V106390,.V106417
22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргiзу шарттарына;
23) дәрiлiк заттардың өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң жағдайларына;
24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнiмдерiн байытуға (фортификациялауға);
25) әлеуеттi қауiптi химиялық және биологиялық заттарды қолдану мен пайдалануға және олардың рұқсат етiлетiн шектi шоғырлануын айқындауға;
26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу жөнiндегi, инфекциялық және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексерiп-қарауды, профилактикалық егудi жүргiзу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға және жүргiзуге;
27) шикiзатты сақтау мен қайта өңдеуге;
28) объектiлердi сумен жабдықтауға, кәрiздеуге, жарықтандыруға және желдетуге;
29) жүктердi, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына;
30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына; .V106390
31) объектiлердi жоюға, консервациялауға, қайта бейiндеуге;
32) өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыруға;
33) тағамға биологиялық активтi қоспаларды қолдануға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.
Ескерту. 145-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

146-бап. Тамақ өнiмдерiн және адам денсаулығына зиянды
әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және
мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып
алу

  1. Тамақ өнiмi және адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерi, оған қоса:
    1) алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) балалар тамағы өнiмдерi, тағамға тағамдық және биологиялық активтi қоспалар, генетикалық түрлендiрiлген объектiлер, бояғыштар, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдар;
    2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын), өндiрiске алғаш рет енгiзiлетiн және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негiзiнде дайындалған, халық үшiн ықтимал қауiп төндiретiн материалдар мен препараттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органда мемлекеттiк тiркеуге жатады.
    2. Тамақ өнiмдерiн мемлекеттiк тiркеу "Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
    3. Адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу:
    1) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiнiң халық пен мекендеу ортасы үшiн қауiптiлiгiн сараптамалық бағалау;
    2) заттар құрамының, өнiмдердiң жекелеген компоненттерiнiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн белгiлеу;
    3) арнаулы шараларды, оның iшiнде заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн кәдеге жарату мен жою жағдайларын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерiнiң алдын алу жөнiндегi арнаулы шараларды әзiрлеу негiзiнде жүргiзiледi.
    4. Балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық активтi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi керi қайтарып алу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
    5. Тамақ өнiмдерiн және адам денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу кезiнде оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негiздеме жүргiзумен байланысты шығыстарды өтiнiм берушiлер көтередi.
    6. Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң тiзiлiмi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялануға жатады.

147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйiне, оларды талдауға, бағалау мен болжауға, сондай-ақ халықтың денсаулығының жай-күйi мен мекендеу ортасы факторларының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындауға байқау жүргiзудiң мемлекеттiк жүйесi болып табылады.
    2. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

148-бап. Инфекциялық және паразиттiк аурулардың пайда
болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын
алу

  1. Инфекциялық және паразиттiк аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi енгiзу, өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi, инфекциялық және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексерiп-қарауды, профилактикалық егудi, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
    2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар аумақтарды дамытудың әзiрленiп жатқан бағдарламаларына және өзге де өңiрлiк бағдарламаларға енгiзiлуге жатады.
    3. Инфекциялық және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық және паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және емделуге, ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар - медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және емделуге жатады.
    4. Айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн созылмалы инфекциялық және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетiлуге жатады.

149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық
қорғау

  1. Автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлiк құралдарына, халық денсаулығына қауiп төндiретiн жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн санитариялық-карантиндiк пункттер ұйымдастырылады.
    2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде (санитариялық-карантиндiк пункттерде) санитариялық-карантиндiк қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi жүргiзедi.
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде санитариялық-карантиндiк қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргiзедi.
    3. Әкелiнуiне тыйым салынған қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндiк қадағалау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.
    Ескерту. 149-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

150-бап. Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу
қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның
iшiнде карантин енгiзудiң шарттары

  1. Инфекциялық және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi төнген жағдайда, осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi орган кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде кәсiпкерлiктiң және (немесе) өзге де қызметтiң және халықтың тыныс-тiршiлiгiнiң ерекше жағдайларымен карантин енгiзедi.
    2. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру бойынша оралымды басшылық жасау төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияға және төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссияларға жүктеледi.
    3. Жекелеген объектiлерде шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин тиiстi аумақтың (көлiктегi) бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектiлерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi басшыларының шешiмiмен енгiзiледi (тоқтатылады).
    4. Шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртiбiн және пайда болу мен таралу қаупi төнген кезде шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн инфекциялық аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    Ескерту. 150-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30№ 297-IV(2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

151-бап. Инфекциялық және паразиттiк, кәсiптiк аурулар мен
улану оқиғаларын тiркеу және тексеру

  1. Инфекциялық және паразиттiк, кәсiптiк аурулар мен уланудың барлық оқиғалары, олардың анықталған жерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тiркеуге алуына, мемлекеттiк санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының мемлекеттiк есепке алуына және есептiлiктi жүргiзуiне жатады. Көрсетiлген аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу, есепке алу тәртiбiн, сондай-ақ олар бойынша есептiлiктi жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
    2. Инфекциялық және паразиттiк, кәсiптiк аурулар мен халықтың улану оқиғалары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тексеру жүргiзуiне жатады.

152-бап. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және
дератизациялық iс-шаралар

  1. Инфекциялық және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында дара кәсiпкерлер, жеке және заңды тұлғалар эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша инфекциялық және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын жоюға (дезинфекция), жәндiктердi, басқа да буын аяқтыларды жоюға (дезинсекция) және кемiргiштердi қыруға (дератизация) бағытталған шаралар кешенiн өз қаражаты есебiнен жүргiзуге мiндеттi.
    2. Төтенше эпидемия жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен кезектен тыс мiндеттi дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
    3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.

25-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

 

153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлерi

  1. Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуiнiң, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.
    2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлiнедi.
    Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тiршiлiк ету үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
    Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуiнiң және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.
    Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршiп кеткен асқынуды, ағзалар мен тiндердiң зақымдануын бақылауға бағытталған.

154-бап. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру

  1. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмiр салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерiнде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмiр салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.
    2. Салауатты өмiр салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектiлерi уәкiлеттi органның үйлестiруiмен және әдiстемелiк басшылығымен басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуымен қамтамасыз етедi.

155-бап. Медициналық тексерiп-қарау

  1. Медициналық тексерiп-қараудың негiзгi мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның iшiнде кәсiптiк аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерiнiң, қандай да бiр шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.
    2. Медициналық тексерiп-қарау мiндеттi және профилактикалық болуы мүмкiн.
    3. Мiндеттi медициналық тексерiп-қарау алдын ала және мерзiмдiк болып бөлiнедi.
    Алдын ала мiндеттi медициналық тексерiп-қарау кәсiбi немесе оқуы бойынша мiндеттерiн орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсiптiк аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттiк ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезiнде жүргiзiледi.
    Мерзiмдiк мiндеттi медициналық тексерiп-қарау жұмыс iстеушiлердiң денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгiлерiн уақтылы анықтау, жалпы, кәсiптiк аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттiк ауруларды тараптау мақсатында жүргiзiледi.
    4. Мiндеттi медициналық тексерiп-қарау өткiзiлетiн зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн, сондай-ақ осындай тексерiп-қарауды өткiзудiң тәртiбi мен кезеңдiлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    5. Жұмыс берушiлер өз қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мерзiмдiк мiндеттi медициналық тексерiп-қарауға жататын қызметкерлердiң осындай тексерiп-қараудан уақтылы өтуiн қамтамасыз етедi.
    6. Профилактикалық медициналық тексерiп-қарау жаппай және iрiктелген болып бөлiнедi.
    Жаппай профилактикалық медициналық тексерiп-қарау ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуiнiң, аурулардың пайда болуына әсер ететiн қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында халықтың нысаналы топтарына жаппай әдiспен жүргiзiледi.
    Iрiктеп медициналық тексерiп-қарау белгiлi бiр аурудан зардап шегетiн немесе қатер тобына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олардың ауруларын емдеу және денсаулығын қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.
    7. Профилактикалық медициналық тексерiп-қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осындай тексерiп-қарауды өткiзудiң тәртiбi мен кезеңдiлiгiн уәкiлеттi орган олардың тиiмдiлiгi, қауiпсiздiгi және экономикалық тұрғыдан орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негiзiнде белгiлейдi.
    8. Жұмыс берушiлер Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiне сәйкес осындай тексерiп-қарауға жататын адамдардың профилактикалық медициналық тексерiп-қараудан өтуi үшiн жағдай жасайды.
    9. Өндiрiстiк және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдiк медициналық тексерiп-қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермеуге тиiс.
    10. Жеке медициналық кiтапшаларды берудiң, есепке алу мен жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
    11. Мiндеттi және профилактикалық медициналық тексерiп-қараудың уақтылы өткiзiлуi мен оны уақтылы өтудi халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық қызметтер көрсету саласында қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары бақылайды.
    Ескерту. 155-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

156-бап. Профилактикалық егудi жүргiзу

  1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде инфекциялық және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егiлуге мiндеттi.
    2. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, тәртiбiн, оларды жүргiзу мерзiмдерiн және жоспарлы түрде егiлуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
    3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.
    4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары сатып алатын профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау уәкiлеттi органның қоймаларында жүзеге асырылады.
    Ескерту. 156-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның iшiнде кәсiптiк
аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

  1. Инфекциялық емес аурулардың, оның iшiнде кәсiптiк аурулардың профилактикасы:
    1) мынадай:
    салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;
    бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелерi бойынша оқыту бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;
    созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетiн адамдарды өзiне-өзi көмек көрсетудiң қажеттi әдiстерiне үйрету жөнiндегi денсаулық мектептерiн ұйымдастыру жолымен аурулар қатерiнiң мiнез-құлық факторларының профилактикасын және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;
    2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының бекiтiлген тұрғындардың аурулар қатерi факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мамандарының - жұмыс iстейтiндердiң кәсiптiк ауруларына жүргiзетiн мониторингiн;
    3) мемлекеттiк органдардың өз өкiлеттiгi шегiнде, өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердiң аурулар қатерiнiң өндiрiстiк факторлары әсерiн барынша азайтуды;
    4) созылмалы инфекциялық емес, оның iшiнде кәсiптiк аурулары бар адамдарды халыққа медициналық тексерiп-қарау жүргiзу, оларды дәрiгерге ертерек қаралуға уәждеу арқылы анықтауды;
    5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрiлiк қамтамасыз етудi, қалпына келтiрiп емдеу мен медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қоса алғанда, созылмалы, оның iшiнде кәсiптiк аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы сауықтыруды;
    6) уәкiлеттi орган бекiтетiн тәртiпке сәйкес, медициналық қорытындыда көрсетiлген мерзiмге денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңiл жұмысқа уақытша ауыстыруды қамтиды.
    2. Жарақаттанудың профилактикасын сектораралық деңгейде мемлекеттiк органдар - өз өкiлеттiктерi шегiнде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

158-бап. Психикаға белсендi әсер ететiн заттарға
тәуелдiлiктiң профилактикасы

  1. Психикаға белсендi әсер ететiн заттарға тәуелдiлiктiң профилактикасы:
    1) психикаға белсендi әсер ететiн заттарға тәуелдiлiктiң зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтiк-құқықтық аспектiлерi туралы бiлiмдi насихаттауды;
    2) психикаға белсендi әсер ететiн заттар айналысы саласындағы жарнамаға тыйым салуды, психикаға белсендi әсер ететiн заттарды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi, оларды сатып алу орындары туралы насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрiлiк препараттар үлгiлерiнiң жарнамасын шектеудi;
    3) психикаға белсендi әсер ететiн заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мiнез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар қатер тобындағы адамдарды профилактикалық байқауды және есепке алуды;
    4) психикаға белсендi әсер ететiн заттарға тәуелдiлiктен зардап шегушi адамдарды ерiктi түрде, жасырын емдеудi;
    5) нашақорлықпен ауыратындарды ерiктi түрде медициналық-санитариялық оңалтуды қамтиды.
    2. Психикаға белсендi әсер ететiн заттарға тәуелдiлiктiң профилактикасын барлық жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң құқықтары шегiнде жүзеге асырады.

159-бап. Темекi шегушiлiктiң, алкоголизмнiң профилактикасы
және оны шектеу

  1. Темекi шегушiлiктiң, алкоголизмнiң профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын сақтауға, темекi, алкоголь өнiмдерiн сатып алуға құқылы адамдар үшiн жас мөлшерiн шектеудi енгiзу, темекi шегушiлiкке, алкогольдi тұтынуға халықтың өмiр мен денсаулық үшiн аса қауiптi фактор ретiндегi көзқарасын қалыптастыруға, темекi шегушiлiктiң, алкоголизмнiң таралуының профилактикасы жөнiнде келiсiлген iс-шаралар жүргiзуге бағытталған.
    2. Темекi бұйымдарын:
    1) он сегiз жасқа дейiнгi адамдарға сатуға және олардың сатуына;
    2) темекi бұйымының ашық қорабынан немесе бiр-бiрлеп сатуға;
    3) сатушының тiкелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;
    4) денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадиондардың ғимараттарында және аумақтарында;
    5) өнiм сапасын растайтын тиiстi құжаттарсыз;
    6) акциздiк таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;
    7) егер темекi бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;
    8) темекi бұйымының қорабына, темекi бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннiң құрамы туралы, деңгейi туралы және кемiнде үш зиянды қосынды - жүйелiк улар, канцерогендiк және мутагендiк заттар туралы мәлiметтер енгiзiлмесе, сатуға тыйым салынады. Темекi бұйымының қорабына, темекi бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннiң құрамы туралы, деңгейi туралы және жүйелiк улар, канцерогендiк және мутагендiк заттар туралы мәлiметтердi орналастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
    9) темекi бұйымының қорабына темекi шегушiлiктiң зияны туралы ескерту енгiзiлмесе;
    10) темекi бұйымының қорабына, темекi бұйымының қаптамасына он сегiз жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгiзiлмесе;
    11) темекi бұйымының қорабында, темекi бұйымының қаптамасында "құрамында шайыр аз", "жеңiл", "өте жеңiл" немесе "жұмсақ" деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекi бұйымының зияны аз екенi туралы жалған әсер қалдыратын өзге де, оның iшiнде шетел тiлдерiнде сөз тiркестерi болса;
    12) өзiне-өзi қызмет көрсету сөрелерiнен;
    13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;
    14) балалар ассортиментi тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.
    3. Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекi жерде мынадай: "Темекi бұйымдарын он сегiз жасқа дейiнгi адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады." деген мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекi шегушiлiктiң зияны туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ескерту орналастырылуға тиiс.
    4. Темекi бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетiне қарағанда он сегiзден жасырақ көрiнетiн азаматтарға темекi бұйымдарын сату кезiнде:
    1) сатып алушының шын мәнiндегi жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етуге;
    2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетiлмесе, темекi бұйымдарын сатудан бас тартуға мiндеттi.
    5. Темекi шегуге:
    1) бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;
    2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
    3) қоғамдық тамақтану орындарында;
    4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшiлiктiң демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның iшiнде түнгi клубтарда, дискотекаларда;
    5) мұражайларда, кiтапханаларда және лекторийлерде;
    6) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездардағы, әуе, теңiз және өзен көлiгi кемелерiндегi белгiленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердiң және қалалық электр көлiгiнiң салондарында;
    7) әуежайлардың, темiр жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
    8) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда;
    9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
    10) үйлердiң кiреберiстерiнде тыйым салынады.
    6. Темекi шегу үшiн арнайы жабдықталған орындар бөлiнген болса, осы баптың 5-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.
    7. Темекi шегу үшiн арнайы бөлiнген орындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген талаптарға сәйкес жабдықталуға тиiс.
    8. Темекi бұйымдарын өндiрушi, импорттаушы темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасының аумағында өздерi шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептердi келесi жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен жыл сайын табыс етуге мiндеттi.
    9. Темекi бұйымдарын өндiрушi, импорттаушы темекi бұйымдарындағы никотиннiң, шайырлы заттардың және басқа да зиянды қосындылар - жүйелiк улардың, канцерогендiк және мутагендiк заттардың болуын зерттеудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда өз есебiнен жүргiзедi.
    10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын рұқсат етiлетiн шектi деңгейден асатын темекi бұйымдарын әкелуге, өндiруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
    11. Темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
    12. Темекi шегуге тыйым салынған орындарда темекi шегуге тыйым салынғаны туралы белгi орнатылуға тиiс.
  2. Темекi бұйымының қорабында, темекi бұйымының қаптамасында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен темекi шегудiң зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:
    1) темекi бұйымының қорабының, темекi бұйымының қаптамасының көлемi бойынша әрбiр үлкен жағының кемiнде қырық процентiн алып жатуға;
    2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бiр сыртқы орауыш материалға басылмауға;
    РҚАО-ның ескертпесi!
    3) тармақшаны жаңа редакцияда енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.05N 452-IV(2013.04.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
    3) жазулар және (немесе) сурет, пиктограмма, график түрiнде орындалуға тиiс.
    14. Алкоголь өнiмiн:
    1) жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарға;
    2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген белгiлi бiр күндер мен сағаттарда;
    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткiзуге тыйым салынады.
    Ескерту. 159-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

160-бап. Темiр тапшылығы жай-күйiнiң профилактикасы

  1. Темiр тапшылығы анемиясы - организмге тамақ өнiмдерi құрамында темiрдiң жеткiлiксiз түсуiне және онда жеткiлiксiз қорытылуына, асқазан-iшек жолдарының, несеп-жыныс жүйесiнiң және қан жүйесiнiң кейбiр созылмалы аурулары кезiнде темiрдi жоғалтудың көбеюiне, темiрге деген қажеттiлiктiң артуына байланысты болатын организмнiң патологиялық процесi.
    2. Темiр тапшылығы жай-күйiнiң профилактикасы жөнiндегi iс-шаралар:
    1) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге, өткiзуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершiлiгi;
    2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темiр бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету;
    3) темiр тапшылығы анемиясынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткiзуi;
    4) ұнды және өзге де тамақ өнiмдерiн құрамында темiр бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) принциптерiмен жүзеге асырылады.
    3. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бiрiншi сортты бидай ұны мiндеттi түрде құрамында темiр бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.
    Тамақ өнiмдерiн байыту (фортификациялау) тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы

  1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөнiндегi iс-шаралар:
    1) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдiк тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге, өткiзуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершiлiгi;
    2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткiзуi;
    3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмiнiң зиянды әсерiнiң салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда, азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерiмен жүзеге асырылады.
    2. Ас тұзын және жемдiк тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

7-БӨЛIМ. ДОНОРЛЫҚ ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТТАУ

 

26-тарау. ҚАН МЕН ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРIНIҢ ДОНОРЛЫҒЫ

 

162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерiн және
препараттарын дайындау

  1. Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы (бұдан әрi - донорлық) - қан мен оның компоненттерiн медициналық мақсаттар үшiн тапсыру (донациялау) арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерiктi түрде қатысуы.
    2. Донорлық донорды медициналық куәландыру, одан қан алып дайындау, қанның компоненттерiн бөлу және сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтиды.
    3. Қан мен оның компоненттерiн дайындау процесi мыналарды қамтиды:
    1) қан тапсыру (донациялау) - донор тапсыратын қанды бiржолғы бөлiп алу;
    2) плазма тапсыру (донациялау) - қан плазмасын плазмаферез әдiсiмен бiржолғы бөлiп алу.
    Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледi:
    қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндiру үшiн пайдаланылатын, белгiлi бiр концентрациядағы өзiндiк белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;
    құрамында табиғи немесе жасанды түрдегi белгiлi бiр концентрациядағы өзiндiк белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгiлi бiр түрлерiне нысаналы түрде емдiк өзара iс-әрекет жасау қасиетi бар иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндiру үшiн пайдаланылады;
    3) жасушалар тапсыру (донациялау) - донор қанының жасушаларын цитаферез әдiсiмен бiржолғы бөлiп алу.
    4. Қанды дайындау және өңдеу процесiнде:
    1) қан компоненттерi - қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрiнде бөлiнiп алынған құрамдас бөлiктерi;
    2) қан препараттары - қан компоненттерiн өңдеу кезiнде алынған дәрiлiк заттар алынады.
    5. Қанды, оның компоненттерiн дайындау, өңдеу, сақтау, өткiзу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерi мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттерi мен
препараттарын дайындау саласындағы қызметтi
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен
өзге де ұйымдар

  1. Қан мен оның компоненттерiн дайындауды, өңдеудi, сақтауды және өткiзудi тиiстi лицензиясы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
    2. Қан препараттарын өндiрудi тиiстi лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
    3. Донорлық, қанды, оның компоненттерi мен препараттарын дайындау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
    4. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда, донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылады.

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттерi мен
препараттарының қауiпсiздiгi мен сапасын
қамтамасыз ету

  1. Донорлық қан мен оның компоненттерiнiң қауiпсiздiгi карантиндеу, вирусинактивациялау, радиациялық сәулелендiру және Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етiлген басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiледi.
    2. Донорлық қан мен оның компоненттерi уәкiлеттi орган  айқындайтын  тәртiппен сапасын бақылауға жатады.
    3. Тиiсiнше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерiн, препараттарын пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады.
    4. Донорлық қанды, оның компоненттерiн және препараттарын құюды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлерi оларды қауiпсiз қолдану жөнiндегi тиiстi талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

165-бап. Донор, оның құқықтары мен мiндеттерi

  1. Тиiстi медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық мақсатта қан мен оның компоненттерiн тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға ерiктi түрде ниет бiлдiрген он сегiз жастан асқан жеке тұлға донор болуға құқылы.
    2. Донор:
    1) қан мен оның компоненттерiн тапсыруды (донациялауды) өтеусiз жүзеге асыруға;
    2) қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақылы тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;
    3) медициналық зерттеп-қарау нәтижелерiмен танысуға;
    4) осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.
    3. Донор қазiргi немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзiне белгiлi мәлiметтердi, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға мiндеттi.

166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау

  1. Донор қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) алдында уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi тегiн медициналық зерттеп-қараудан өтедi.
    2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшiн денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында тегiн берiледi.

167-бап. Донорға берiлетiн кепiлдiктер

  1. Донор болып табылатын қызметкердi медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) күндерi жұмыс берушi орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады.
    2. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушiмен келiсiм бойынша қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) күндерi жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзiнiң қалауы бойынша басқа демалыс күнi берiледi не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкiн.
    3. Адамды қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) күндерi түнгi уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарға тартуға жол берiлмейдi.
    4. Донор болып табылатын әскери қызметшi қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) күндерi нарядтарда, вахталарда тұрудан және қызметтiң басқа да түрлерiн атқарудан босатылады.
    5. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) күндерi оқу-тәрбие процесiнен босатылады.
    6. Донорларды көтермелеу жүйесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
    Донорға қан мен оның компоненттерiн тапсырудың (донациялаудың) жиынтық санын ескере отырып, берiлетiн қосымша көтермелеу шаралары Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
    7. Донорлық функцияны өтеусiз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерiн тапсырғаннан (донациялағаннан) кейiн өз қанының көлемi мен организмiнiң әл-ауқаты шығындарын толтыру үшiн таңдауы бойынша тегiн тамақ не Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшердегi оның ақшалай баламасын алады.
    8. Донорлық функцияны ақылы негiзде атқарған донорға қан мен оның компоненттерiн дайындау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мөлшерде ақы төлейдi.

168-бап. Жұмыс берушiлер мен ұйымдар басшыларының
донорлықты дамытуды қамтамасыз ететiн жағдайлар
жасау жөнiндегi мiндеттерi

  1. Жұмыс берушiлер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау мақсатында:
    1) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарына, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге;
    2) қан мен оның компоненттерiн алу үшiн қажеттi үй-жайларды өтеусiз беруге және жағдай жасауға;
    3) донор болып табылатын қызметкердi зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерiн тапсыру (донациялау) күнi жұмыстан кедергiсiз босатуға;
    4) донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгiленген кепiлдiктердi беруге мiндеттi.
    2. Жұмыс берушiлер мен ұйымдар басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар.

27-тарау. ТIНДЕРДI ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҒЗАЛАРДЫ (АҒЗАЛАРДЫҢ
БӨЛIКТЕРIН) ТРАНСПЛАНТТАУ

 

169-бап. Тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлiктерiн) транспланттау және оларды алу
шарттары

  1. Адам, адамның мәйiтi немесе жануар тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) транспланттау бойынша донор болуы мүмкiн.
    2. Адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады.
    3. Адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) сатып алуға-сатуға тыйым салынады.
    4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тiнi үйлесетiн (басқа организмнiң тiндерiне сiңiсуiне жәрдемдесетiн органикалық тiндердiң иммунологиялық қасиетi) адам транспланттау бойынша тiрi донор болуы мүмкiн.
    5. Тiрi донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге және өзiнiң тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын алуға тиiс.
    6. Кәмелетке толмаған адам немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тiрi донордың тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) алу осы бапта көрсетiлгендермен қатар, бiр мезгiлде мына шарттарды сақтағанда ғана:
    1) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты алған оның заңды өкiлдерiнiң нотариат куәландырған жазбаша келiсiмi болған;
    2) тиiстi келiсiмдi беруге қабiлеттi басқа үйлесетiн донор болмаған;
    3) реципиент донордың ағасы-iнiсi немесе апасы-қарындасы (сiңлiсi) болып табылған;
    4) транспланттау реципиенттiң өмiрiн сақтап қалуға арналған;
    5) ықтимал донор алуға қарсылық бiлдiрмеген жағдайда, мүмкiн болады.
    7. Кәмелетке толмаған адамдардың немесе әрекетке қабiлетсiз адамдардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмi медициналық араласу басталғанға дейiн кез келген сәтте керi қайтарып алынуы мүмкiн.
    8. Тiрi донордан тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу оның нотариат куәландырған жазбаша келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
    9. Транспланттау үшiн жұп ағзаның бiрi, олардың болмауы денсаулықтың бiржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын ағзаның бiр бөлiгi немесе тiн ғана алынуы мүмкiн.
    10. Егер алу кезiнде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тiрi кезiнде не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң ол өлгеннен кейiн оның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) репициентке транспланттау үшiн алуға келiспейтiнiн мәлiмдегенi туралы хабарланған болса, мәйiттен тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алуға жол берiлмейдi.
    Егер консилиум тарапынан тiркелген өлiм фактiсiнiң даусыз дәлелдемесi болса, мәйiттен транспланттау үшiн тiндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлiктерi) алынуы мүмкiн.
    Өлiм туралы қорытынды биологиялық өлiмнiң немесе бас миының бiржола семуiнiң (мидың өлiмiнiң) расталуы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiледi. V074946
    11. Кейiннен транспланттау үшiн тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алуды қамтамасыз ететiн адамдардың биологиялық өлiмдi немесе бас миының бiржола семуiн растауға қатысуына тыйым салынады.

170-бап. Тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлiктерiн) транспланттау тәртiбi

  1. Тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) транспланттау қажеттiгi туралы медициналық қорытындыны тиiстi денсаулық сақтау ұйымының консилиумы бередi.
    2. Тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) транспланттау реципиенттiң не кәмелетке толмаған реципиенттiң немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған реципиенттiң заңды өкiлiнiң жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылады.
    3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттiң немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған реципиенттiң заңды өкiлi алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты реципиенттiң денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертiлуге тиiс.
    4. Инфекция жұқтырған тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) транспланттауға тыйым салынады.
    5. Тiрi донордан тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу және консервациялау мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызметiн жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарындағана жүргiзiледi.
    6. Транспланттау мақсатында мәйiттерден тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу және консервациялау мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында және мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарындажүргiзiледi.
    7. Тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) транспланттауға мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызметiн жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында ғана жол берiледi.
    8. Тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттауды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
    9. Осы баптың күшi ұрпақты болу тiндерiн (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсiп-өну процесiне қатысы бар тiндерге және (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөлiктерiне), сондай-ақ қан мен оның компоненттерiне қолданылмайды.
    Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

171-бап. Донор мен реципиенттiң құқықтары

  1. Донор осы Кодекстiң 165-бабында көзделген құқықтардан басқа:
    1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзiнiң денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
    2) тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алу бойынша жүргiзiлген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде ем алуға, оның iшiнде дәрi-дәрмек емiн алуға құқылы.
    2. Реципиент:
    1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
    2) жүргiзiлген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде ем алуға, оның iшiнде дәрi-дәрмек емiн алуға құқылы.
    3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлерiне донор мен реципиент туралы мәлiметтердi жария етуге тыйым салынады.

28-тарау. АДАМНЫҢ ТIНДЕРIН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҒЗАЛАРЫН (АҒЗАЛАРЫНЫҢ
БӨЛIКТЕРIН), ҚАН МЕН ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРIН ӘКЕЛУ, ӘКЕТУ

 

172-бап. Адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын
(ағзаларының бөлiктерiн) әкелу, әкету үшiн
негiздер

  1. Қазақстан Республикасының аумағына адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелу:
    1) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызметiн жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарындатранспланттау қажет болған кезде;
    2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде;
    3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу кезiнде жүзеге асырылады.
    2. Қазақстан Республикасынан адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкету:
    1) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
    2) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
    3) Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлмейтiн диагностикалық зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде;
    4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу кезiнде;
    5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
    3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге, әкетуге рұқсатты уәкiлеттi орган мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының және лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызметiн жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.
    Ескерту. 172-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

173-бап. Қан мен оның компоненттерiн әкелу, әкету үшiн
негiздер

  1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерiн әкелу:
    1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
    2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде;
    3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу кезiнде жүзеге асырылады.
    2. Қазақстан Республикасынан қан мен оның компоненттерiн әкету:
    1) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
    2) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
    3) Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлмейтiн диагностикалық зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде;
    4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу кезiнде;
    5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
    3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның компоненттерiн әкелу және әкету айырбастау тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн. Осындай айырбастау қажеттi биологиялық қасиеттерi бар қан мен оның компоненттерi болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
    4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерiн әкелуге, әкетуге рұқсатты уәкiлеттi орган лицензияға сәйкес "қан дайындау" мамандығы бойынша қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.

174-бап. Адамның тiндерiн және (немесе) ағзаларын
(ағзаларының бөлiктерiн), қан мен оның
компоненттерiн әкелудiң, әкетудiң тәртiбi

  1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдары тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) не қан мен оның компоненттерiн әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға:
    1) тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн), қан мен оның компоненттерiн әкелу, әкету туралы өтiнiштi;
    2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
    3) тиiстi лицензияның және оған қосымшалардың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
    4) әкелiнетiн (әкетiлетiн) тiндердiң және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлiктерiнiң), қан мен оның компоненттерiнiң биологиялық қауiпсiздiгi туралы уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен берген қорытындыны;
    5) тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн), қан мен оның компоненттерiн алумен (жинаумен) байланысты рәсiмдердiң заңдылығы туралы шығаратын елдiң уәкiлеттi органының құжатын;
    6) тiрi донордың немесе оның заңды өкiлдерiнiң одан тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн) алуға нотариат растаған жазбаша келiсiмiн не донордың биологиялық өлiмi немесе бас миының бiржола семуi (мидың өлiмi) жағдайында консилиумның қорытындысын;
    7) осы Кодекстiң 172-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 173-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, реципиент пен донордың туыстық жақындығы дәрежесiн растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
    8) қан мен оның компоненттерiн айырбастаған жағдайда, қан мен оның компоненттерiн айырбастау шартының жобасын, сондай-ақ әкелiнетiн елде қажеттi биологиялық қасиеттерi бар қан мен оның компоненттерiнiң жоқтығын растайтын құжатты;
    9) тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн), қан мен оның компоненттерiн тасымалдау үшiн пайдаланылатын термоизоляциялық контейнерлердiң техникалық сипаттамаларын жiбередi.
    2. Уәкiлеттi орган тiндердi және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлiктерiн), қан мен оның компоненттерiн әкелуге және әкетуге рұқсат беру мәселелерi жөнiндегi комиссияны құрады және оның қызметi туралы ереженi бекiтедi.
    3. Комиссия өтiнiш берушiнiң өтiнiшiн жетi күн iшiнде қарайды.
    Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды өтiнiш берушi толық көлемде бермеген жағдайда, құжаттар қаралмай, үш күн iшiнде өтiнiш берушiге қайтарылады.
    4. Комиссияның оң шешiмi уәкiлеттi органның бұйрығы түрiнде ресiмделедi. Комиссияның терiс қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бас тартуды жiбередi.
    5. Әкелуге және әкетуге арналған тiндердiң және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлiктерiнiң), қан мен оның компоненттерiнiң биологиялық қауiпсiздiгiн зерттеу, оларды консервациялау мен тасымалдау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

8-БӨЛIМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

 

29-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТI

 

175-бап. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметi

  1. Денсаулық сақтау жүйесi үшiн кәсiптiк ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметiнiң мiндеттерi болып табылады.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарында және бiлiм беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерiнде жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың - медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ медициналық бiлiм беру ұйымдарымен шарт бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшiн тиiстi жағдайлар жасайтын денсаулық сақтау ұйымдарының болуы медициналық бiлiм беру бағдарламаларын iске асырудың мiндеттi шарты болып табылады.
    3. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгiлiк кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереженi, оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган бекiтедi.
    4. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және қосымша бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын игерген адамдар үшiн мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда қызметке орналасуы үшiн негiз болып табылады.
    5. Жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентура туралы ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.
    6. Қосымша бiлiм беру қосымша бiлiмнiң бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын медициналық бiлiм беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
    Медицина және фармацевтика кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау қосымша бiлiм берудiң негiзгi нысандары болып табылады. Медицина және фармацевтика кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    7. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкiлеттi орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары саланың қажеттiлiктерiн ескере отырып, өз өкiлеттiктерi шегiнде жүзеге асырады.

176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн
бiлiктiлiк емтихандары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандары орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық бiлiмi бар адамдардың кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткiзiледi.
    2. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандары:
    1) медицина қызметкерлерiнiң клиникалық мамандыққа сәйкестiгiн айқындау және оларға тиiстi маман сертификатын берiп, клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жiберу үшiн - мiндеттi бiлiктiлiк емтихандары;
    2) тиiстi бiлiктiлiк санаты берiлетiн мамандардың кәсiптiк деңгейiн айқындау үшiн - ерiктi бiлiктiлiк емтихандары болып бөлiнедi.
    3. Тиiстi маман сертификаты болмаған, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi өткен жағдайда, жеке тұлғаға клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.
    4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандарын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.
    5. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде медициналық бiлiм мен бiлiктiлiк санаттарын алған адамдарды денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған бiлiктiлiк емтихандарына жiберудiң тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган айқындайды.
    6. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетiнде» немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретiн немесе кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған бiлiктiлiк санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын санат берiлмей-ақ маман сертификатына теңестiрiледi.
    Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19N 395-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

177-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты

Жоғары бiлiм беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды: "Дәрiгердiң құрметтi атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әрiптестерiмнiң алдында өзiмдi азаматтардың денсаулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрiгерлiк ұлы iске адал әрi қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемiн. Өз қызметiмде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерiмнiң мүдделерiн ғана басшылыққа аламын деп ант етемiн. Жасына, жынысына, ұлтына, дiни сенiмiне, әлеуметтiк жағдайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбiр адамға бiрдей ынта-жiгермен және шыдамдылықпен медициналық көмек көрсетуге ант етемiн. Дәрiгерлiк құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдiк мақсатта пайдаланбауға ант етемiн. Өз бiлiмiм мен дағдыларымды ұдайы жетiлдiруге, өзiме де, өз шәкiрттерiме де талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттiң мүддесi талап етсе, әрiптестерiммен кеңесуге ант етемiн. Қазақстандық медицинаның игi дәстүрлерiн сақтауға және байытуға, менi дәрiгерлiк өнерге баулыған адамдарға алғыс бiлдiре отырып, оларды құрметтеуге ант етемiн.".

 

30-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

 

178-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтiң
субъектiлерi

  1. Денсаулық сақтау саласында ғылыми кадрлар даярлауды негiзгi ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет ретiнде жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрi - ғылыми ұйым) болып табылады.
    2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары және ғылыми қызметпен айналысатын өзге де ұйымдар болып бөлiнедi.
    3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының бiлiм беру және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық, фармацевтикалық және бiлiм беру қызметiмен айналысуы мүмкiн.

179-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi
үйлестiру

  1. Iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзiрлемелердiң басымдықтарын қалыптастыруды, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестiрудi, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзiрлеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
    2. Уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
    3. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын жүзеге асырады.

180-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға
дейiнгi (клиникалық емес) және клиникалық
зерттеулер жүргiзу, диагностиканың, емдеудiң
және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерiн
қолдану

  1. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргiзудiң мақсаты олардың қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн бағалау және дәлелдерiн ғылыми әдiстермен алу болып табылады.
    2. Клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеулер жануарларға жүргiзiледi.
    3. Адамның (пациенттiң немесе ерiк бiлдiрген адамның) қатысуымен болатын клиникалық зерттеулер, клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) зерттеулердiң оң нәтижелерi алынған жағдайда, оның жазбаша хабардар етiлген келiсiмiмен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
    4. Кәмелетке толмаған адамдардың қатысуымен болатын клиникалық зерттеулер кәмелетке толған адамдарға зерттеулер жүргiзумен қатар мынадай:
    1) балаларды емдеуге арналған медициналық технологиялар немесе дәрiлiк заттар;
    2) кәмелетке толмаған адамдарды емдеуге арналған дәрiлiк заттың ең оңтайлы мөлшерлемесi туралы деректер алу мақсатында жүргiзiледi.
    Кәмелетке толмаған адамдардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргiзу олардың заңды өкiлдерiнiң жазбаша хабардар етiлген келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
    5. Клиникалық зерттеуге қатысуға келiсiмi алынған жағдайда, кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiне, пациентке немесе ерiк бiлдiрген адамға:
    1) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрiлiк зат, клиникалық зерттеудiң мәнi мен ұзақтығы туралы;
    2) медициналық технологияның, фармакологиялық немесе дәрiлiк заттың қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi туралы, сондай-ақ денсаулық үшiн қолдану қатерiнiң дәрежесi туралы;
    3) медициналық технологияны, фармакологиялық немесе дәрiлiк затты қолданудың денсаулықтың жай-күйiне күтiлмеген әсерi жағдайындағы iс-әрекеттер туралы;
    4) денсаулықты сақтандыру шарттары туралы ақпарат берiлуге тиiс.
    6. Клиникалық зерттеулер кез келген сатыда:
    1) зерттеулерге қатысушы кәмелетке толмаған адамның, оның заңды өкiлiнiң, пациенттiң немесе ерiк бiлдiрген адамның талап етуi бойынша;
    2) кәмелетке толмаған адамның, пациенттiң немесе ерiк бiлдiрген адамның өмiрiне, денсаулығына қауiп төнген жағдайда тоқтатылады.
    7. Зерттеулерге қатысатын пациенттердiң және ерiк бiлдiрген адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы құжаттарды ресiмдеу, сондай-ақ зерттеулер материалдарын этикалық бағалау клиникалық зерттеулер жүргiзудiң мiндеттi шарттары болып табылады.
    8. Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi клиникалық зерттеулердiң оң нәтижелерi алынған жағдайда қолданылуы мүмкiн.
    9. Мыналарға:
    1) заңды өкiлдерi жоқ кәмелетке толмаған адамдарға;
    2) егер қажеттi ақпарат жүктi әйелдерге клиникалық зерттеулер жүргiзу кезiнде ғана алынуы мүмкiн болса және жүктi әйел мен оның шаранасына зиян келтiру қатерi толық жойылған жағдайда жүктi әйелдерге арналған медициналық технологиялар мен дәрiлiк заттарға клиникалық зерттеулер жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, жүктi әйелдерге;
    3) әскери қызметшiлерге;
    4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға және уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларында отырған адамдарға;
    5) психикасының бұзылуын (ауруын) емдеуге арналған медициналық технологиялар мен дәрiлiк заттарға клиникалық зерттеулердi қоспағанда, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға, психикасы бұзылған (ауыратын) науқастарға медициналық технологияларға, фармакологиялық және дәрiлiк заттарға клиникалық зерттеулер жүргiзуге тыйым салынады.
    10. Клиникалық зерттеулер (тиiстi клиникалық және ғылыми практика) жүргiзу стандарттарын уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар бекiтедi.
    11. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерiн қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
    12. Фармокологиялық және дәрiлiк заттарға клиникаға дейiнгi (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер, сондай-ақ медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргiзуге рұқсат берудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
    13. Диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерiн қолдануға рұқсат берудi, жүргiзiлген клиникалық зерттеулер дәлелдеу медицинасына негiзделген және уәкiлеттi органдар мен өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар бекiтетiн стандарттардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

181-бап. Этика мәселелерi жөнiндегi комиссиялар

  1. Зерттелушiлердiң және зерттеушiлердiң құқықтарын қорғауды, қауiпсiздiгi мен қолайлы жағдайын жасауды, сондай-ақ клиникалық зерттеу материалдарына имандылық-этикалық және құқықтық баға берудi жүзеге асыратын тәуелсiз сарапшы органдар Этика мәселелерi жөнiндегi комиссиялар болып табылады.
    2. Этика мәселелерi жөнiндегi комиссиялар қызметiнiң мақсаты биология мен медицина жетiстiктерiнiң пайдаланылуына байланысты адамның құқықтары мен қадiр-қасиетiн қорғау болып табылады.
    3. Этика мәселелерi жөнiндегi комиссиялардың мiндеттерi:
    1) зерттеулердiң құжаттарына тәуелсiз сараптама жүргiзу;
    2) зерттеулердi жоспарлау және жүргiзу сатыларында адамның қауiпсiздiгi мен құқықтарының сақталуын тәуелсiз бағалау;
    3) клиникалық зерттеу бағдарламасының тиiстi клиникалық және ғылыми практика стандарттарына, сондай-ақ зерттеушiлердiң бiлiктiлiгiне және осы зерттеудi жүргiзетiн денсаулық сақтау ұйымының техникалық жарақталуына сәйкестiгiн бағалау;
    4) клиникалық зерттеулер жүргiзу кезiнде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау;
    5) биологиялық және медициналық этика мәселелерi бойынша құжаттар әзiрлеуге қатысу болып табылады.
    4. Этика мәселелерi жөнiндегi комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау, ғылым, өнер, құқық саласындағы мамандар, дiни конфессиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiре алады.
    5. Қазақстан Республикасында Этика мәселелерi жөнiндегi орталық және жергiлiктi комиссиялар жұмыс iстейдi.
    6. Этика мәселелерi жөнiндегi орталық комиссия халықаралық және республикалық деңгейде жүргiзiлетiн зерттеулердi тәуелсiз бағалау үшiн уәкiлеттi органның жанынан құрылады.
    Этика мәселелерi жөнiндегi орталық комиссияның құрамы мен ол туралы ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.
    7. Этика мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi комиссиялар денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жүргiзiлетiн зерттеулердi тәуелсiз бағалау үшiн осы ұйымдардың жанынан құрылады.
    Этика мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi комиссияның құрамы мен ол туралы ереже оның жанынан осы комиссия құрылатын денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

9-БӨЛIМ. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI, ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

 

31-тарау. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МIНДЕТТЕРI, ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ, АР-НАМЫС КОДЕКСI

 

182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:
    1) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiлуге;
    2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргiзуге;
    3) бес жылда кемiнде бiр рет бюджет қаражаты есебiнен немесе мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлерi болса, жұмыс берушiнiң есебiнен бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға;
    4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушiнiң есебiнен қайта даярлаудан өтуге;
    5) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруына байланысты өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтетуге;
    6) азаматтың өмiрiне қауiп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесiлi байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көлiктiң кез келген түрiн оны таяу жердегi медициналық ұйымға жеткiзу үшiн кедергiсiз және тегiн пайдалануға;
    7) қызметтiк тұрғын үй берiлуге;
    8) жүрiп-тұру сипатындағы қызметiне байланысты көлiк шығыстарын өтетуге;
    9) кәсiптiк мiндеттерiн жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшiн көтермеленуге;
    10) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорғауға;
    11) медицина қызметкерi тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде, азаматтың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн кәсiптiк жауапкершiлiктi сақтандыруға құқығы бар.
    2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты, өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
    3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгiсiндегi кенттерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне мынадай әлеуметтiк қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:
    1) жергiлiктi өкiлдi органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
    2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу;
    3) жеке меншiгiнде малы барлар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi;
    4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдар жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қосымша жеңiлдiктер белгiлеуi мүмкiн.
    4. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтiк қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады.
    5. Қызметтiк және кәсiптiк мiндеттерiн атқару кезiнде АИТВ жұқтырылған материалмен жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң АИТВ жұқтыруы кәсiптiк ауруға жатады.
    Осы адамдарға кәсiптiк ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңiнде Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
    Қызметтiк мiндеттерiн атқаруы ЖИТС кәсiптiк ауруына әкеп соқтыруы мүмкiн медицина қызметкерлерi мен басқа да қызметкерлер мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға жатады.
    АИТВ/ЖИТС-пен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен тiкелей айналысатын медицина қызметкерлерiнiң, қызметшiлердiң және техникалық қызметкерлердiң алты сағаттық қысқартылған жұмыс күнiне, ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн қосымша ақы төленетiн демалысқа, белгiленген жалақының алпыс процентi мөлшерiнде кәсiптiк зияндылығы үшiн қосымша еңбекақыға құқығы бар.
    6. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
    1) өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауға, пациенттерге құрметпен және iзгiлiкпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерiн басшылыққа алуға;
    2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;
    3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсетуге;
    4) халық арасында медициналық бiлiмдi және салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;
    5) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексiн сақтауға, дәрiгерлiк құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, iшкi және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге;
    6) өзiнiң кәсiптiк деңгейiн үздiксiз дамытуға және арттыруға;
    7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшiн басқа бейiндегi немесе бiлiктiлiгi неғұрлым жоғары мамандарды тартуға мiндеттi.
    7. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк қызметiне араласуға тыйым салынады.
    8. Кәсiптiк мiндеттерiн орындау кезiнде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң өз дiни нанымдары бойынша қандай да бiр iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасауына, сол сияқты олардың жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн дiни жоралар мен рәсiмдердi өткiзуiне (жасауына) жол берiлмейдi.
    Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.10.11№ 484-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек
қатынастары

  1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
    2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
    3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның iшiнде бiлiм беру мен ғылыми ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және
фармацевтика қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексi

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексi (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметi үшiн моральдық жауапкершiлiгiн айқындайды.
    2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi өз қызметiнде:
    1) осы Кодекстi және Ар-намыс кодексiн басшылыққа алуға;
    2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
    3) тек қана пациенттiң мүдделерiнде шешiм қабылдауға;
    4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерiнiң жоғары атағына кiр келтiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
    5) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал әрi сапалы атқаруға;
    6) өзiнiң кәсiптiк бiлiмiн үздiксiз жетiлдiруге;
    7) өзiнiң жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудiң әдiстерi мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
    8) еңбек тәртiбiн мүлтiксiз сақтауға;
    9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкiне ұқыпты қарауға және оны тиiмдi пайдалануға;
    10) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;
    11) қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдiк және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;
    12) жеке басының үлгiсiмен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
    13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлерi тарапынан Ар-намыс кодексiнiң нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
    14) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде белгiленген киiм нысанын сақтауға тиiс.
    3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
    1) жасына, жынысына, ұлтына, дiни сенiмiне, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
    2) мұқтаж болған әрбiр адамға медициналық көмек көрсетуге;
    3) адам өмiрiн сақтау өзiнiң борышы екенiн әрдайым есте ұстауға;
    4) азаматтардың мемлекеттiң денсаулық сақтау жүйесiне деген сенiмiн нығайтуға жәрдемдесуге;
    5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактiлерiне жол бермеуге, өз әрiптестерi тарапынан осындай iс-әрекеттердiң жолын кесу жөнiнде күш-жiгер жұмсауға;
    6) өз iс-әрекетiмен қоғам тарапынан негiзделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзiнiң кәсiптiк қызметiндегi кемшiлiктердi жою және оны жақсарту үшiн пайдалануға тиiс.
    4. Өз әрiптестерiмен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
    1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;
    2) пациенттiң мүддесi талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әрiптестерiнен кеңес сұрауға;
    3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiне көпшiлiк алдында күмән келтiрмеуге;
    4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерiн және жетiстiктерiн байытуға тиiс.
    5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексiн сақтауы олардың кәсiптiк борышы болып табылады.
    6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешiмi бойынша медицина және фармацевтика қызметкерiнiң Ар-намыс кодексiнiң ережелерiн сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша қоғамдық мiн таға алады.
    7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексi мәтiнiнiң көрнекi үгiт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етедi.

10-БӨЛIМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

 

32-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ОСЫ КОДЕКСТI ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗУ ТӘРТIБI

 

185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

186-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi

  1. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген күннен бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 159-бабының 2-тармағының 8), 10), 11) тармақшаларын және 13-тармағын қоспағанда, осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
    2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
    1) "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 921-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 93-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат);
    2) "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 86-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
    3) "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат);
    4) "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту туралы" 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 10, 104-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
    5) "Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат);
    6) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат);
    7) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 124-құжат);
    8) "Дәрiлiк заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат);
    9) "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы" 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 13, 73-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат);
    10) "Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 12, 45-құжат);
    11) "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 14, 91-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат).

Қазақстан Республикасының
Президентi                                        Н. Назарбаев